Лаванда гүл ашып, тұрмысымыз құлпыра түсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 маусым
Лаванда гүл ашып, тұрмысымыз құлпыра түсті
Лаванда гүл ашып, тұрмысымыз құлпыра түсті

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні Қорғас ауданы Лусәугоу қалашығы Сігүң қыстағының тұрғыны Уаң Жымин телефоннан жөн сұраған адамға “Ұят болды, осы кезде біздің бұл арада бос үй жоқ”,-деп жауап қайтарды.

Қазір лаванда құлпыра гүл ашқан маусым әрі туристердің Қорғасқа келіп гүл тамашалайтын мезгілі. Уаң Жымин ашқан халықтық түселхана маусымның соңына дейін тапсырыс қабылдап болды.

Күлгін гүл құлпыра ашылып, туристерді баурады.

Қорғас ауданында лаванда егілген жер аумағы 50 мың му мөлшерінде болса, Сігүң қыстағында шамамен 12 мың му жерге егілген.

Күн шүлен шұғыласын шашып, күлгін гүлді алап пен алыстағы қарлы тау, көк аспан, ақша бұлттар бір-біріне көрік беріп тұр. Гүл атызына велосипед, алтыбақан, үстел-орындық сияқты фотоға түсуге арналған жабдықтар орналастырылған. Арнаулы фотоаппарат, ұшқыш аппарат, қол телефон барлығын сақадай сайлаған туристер көз айым болатын көркем сәттерді естелікке түсіруде.

Сучжоудан келген турист Шын Лифаң туыстарымен туристер тобын ұйымдастыра келіпті. Алғашқы бекеті - Қорғастағы лаванда гүлін тамашалау екен. Құлжа қаласының тұрғыны Лию Лиңнің лаванданы тамашалауға сапарлауы оның әр жылы міндетті түрде орындайтын ісі екен. Биыл ол басқаша тәсілді қолданып, өзімен бірге спортқа әуес 35 дос-жақынын ертіп, 5,2 километрлік “гүл атызында дене шынықтырып жүгіруге” қатынасты. Фото әуесқойы Лию Чұншиң әр жылы фотоға түсіру жабдықтарын алып, гүл ашылған маусымда осы күлгін гүлге оранған алапқа ат басын бұрады.

Сігүң қыстағы партия филиалының хатшысы Пан Лин былай деді: “Мамырдың орта шенінен бастап, лаванда гүлін тамашалауға келетін туристер біртіндеп көбейе бастайды. Олар лаванда гүлі мерекесіне туралап келетіндіктен, осы бірнеше күнде қыстақта автокөлік қарасы көбейді”.

Қорғас аудандық мәдениет, спорт, радио-телевизия және туризм мекемесінің бастығы Жу Шуебин былай деді: “Биыл гүл тамашалау үшін өз көлігімен де, топпен де келген туристер өте көп. Тек 12 маусымнан 14 маусымға дейін Қорғас ауданы 149 мың 900 туристі қабылдады”. Онлайн және интернет желісінен тыс шаралар да өте тартымды болды.

“Гүл жинайық!”

Жұмысшылардың біркелкі ырғақты дауыстауымен шоқ-шоқ лаванда гүлдері машинаға салынып жатыр.

2021 жылғы 12 маусымда әсем Іледе Халықаралық туризм аңғары Қорғаста 10-ыншы кезекті лаванда мәдениеті - халықаралық туризм мерекесі шымылдығын ашып, туристерге лаванда майын сұрыптап алу барысы көрсетілді.

Қорғас аудандық мәдениет, спорт, радио-телевизия және туризм мекемесі жобалау-дамыту бөлімінің бастығы Шау Уи Лаванда мерекесін таныстыра отырып былай деді: “Лаванданы арқау ете отырып, мекемеде көптеген іс-қимылдар жоспарланды: гүл тамашалау, лаванда майын сұрыптап алу барысын көру, хош иіс сәйкестірушінің әрекетін, хош иісті сәйкестендіру сияқтылардан тыс, гүл теру, иіс май жиынтығын әзірлеу, лаванда сабынын жасау технологиясын көрсету сияқты шаралар да бар”.

Біраз жылдардан бері Қорғас ауданы “Қытай лаванда гүлі мекені” әйгілі маркасын еселей шығарып, одан соң 4 лаванда гүлі тақырыптық туризм көрінісі аумағын құрды. Қазір лаванда гүлін тамашалау Іле туризм желісінің думанды орындарды аралап тамашалау, фотоға түсіру, гүл теру сынды көптеген бағыттары бар.

Интернет желісінен тысқары қызметтермен бірге, онлайн түріндегі шаралар да өте тартымды өтті. Биылғы лаванда мәдениеті халықаралық туризм мерекесінің түйіні бұл мәдени шараны тікелей тарату және желіде көрсету арқылы толық ақпарат беру.

“Танымал туризм әуесқойларының Ілені қыдыруының 2-кезеңі. Лаванда мекеніне саяхат жасау бір уақытта басталды. Іле қазақ автономиялы облыстық партком интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру комитеті кеңсесі интернет партия құрылысы мен қоғамдық қызмет басқармасының бастығы Чын Дымиң былай деді: “Лаванданы интернетте де көріп, кең түрде тамашалауға мүмкіндік болды. 15 маусымға дейін танымал туризм әуесқойлары доуиын, куайшоу сияқты тұғырларда күнделікті қысқа видеолардың 80-ін жолдады. Бүкіл интернеттегі көрілім 11 миллион 104 мың адамға жетті; 83 рет тікелей таратып, мұны барлығы 3 миллион 463 мың 100 адам көрген”.

Шаруалардың кірісін арттырған “күлгін банк”

Лаванданың арқасында Сігүң қыстағы тұрғындарының тұрмысында жағымды өзгерістер орын алды.

16 маусым күні түскі асты Уаң Жымин сырттан алдырды. Ол былай деді: “Бұрын дәмхана тамағын ішу үшін қалашыққа баруға тура келетін, қазір туристер молайып, дәмханалар да, сырттан тамақ жеткізетіндер де көбейді. Телефонмен хабарласса болғаны, тамақты жеткізіп береді: әрі тез, әрі қолайлы”.

“2017 жылдан бастап лаванда ектім, 2019 жылдан халықтық түселхана аштым. Лаванда тұрмысымызды құлпырта түсті”, - деді Уаң Жымин.

“Қазір қыстақта барлық тұрғындар жұмыспен қамтылған. Жастар туризммен айналысып, лаванданы безендірумене қарбалас болуда. Ал қарттар айналаны тазалап, тауық бағып, көкөніс егеді, барлығы да ақша тауып жатыр”, - деді Пан Лин.

Лаванда халықтық түселханамен қабысып, Сігүң қыстағының тұрғындарына және хош иіс іздеген туристерге жаңаша бір тұрмыс тәсілін әзірлеп берді. Халықтық түселханалар алуан үлгіде болғанымен, бір ортақтығы − лаванданы тиімді қолданатын мол дәстүрді жинақтаған. Қазір Қорғас ауданында лаванданы негізгі тақырып еткен халықтық түселхананың 30-ы бар.

“Лаванда кәсібі Іле туризмінің танылмалдығын арттырды. Лаванда кәсібі саласын арқау ете отырып, біз лаванда шаруашылығын тамаша сейіл-серуенді туризмге, жергілікті шаруалардың кірісін арттыратын ‘күлгін банкке’ айналдырамыз”,- деді Жу Шуебин.  

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото