«Алашанькоу-Достық» шекара бекеті арқылы Қытайдан Еуропаға бет алған 3 мың жүк пойызы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 шілде

16 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- – 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасқан « Алашанькоу (КХР)–Достық (ҚР)» шекара бекеті арқылы өткен «Қытай-Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалдау бағытындағы пойыздардың саны едәуір өсті.

Кеден қызметінің дерегіне сәйкес, көрсетілген уақыт аралығында «Алашанькоу» шекара бекеті арқылы «Қытай-Еуропа» бағыты бойынша 3033 жүк пойызы жүрген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 41,07%-ға көп. Тасымалданған тауарлардың көлемі 56,08%-ға өсіп, 2,28 млн. тоннаға жеткен.

Айта кетерлік жайт, Орта Азия мен Еуропа бағытынан келетін жүк тасымалының тұрақты өсуі шекарадан кіретін жүк пойыздары санының артуына оң ықпал етті. Импорттау арқылы келетін автокөлік, ағаш материалдары, кен рудалары, ал қытайдан экспортқа шығарылатын LCD мониторы, ноутбук, автокөлік бөлшектері секілді тауарлардың да мөлшері айтарлықтай артты.

Кеден өкілдерінің айтуынша, «Алашанькоу» трансшекаралық өткізу бекеті арқылы «Қытай-Еуропа» бағытындағы жүк пойыздарының қозғалысы тәулік бойы үзілмейді.

«Алашанькоу» шекара бекеті арқылы Қытайды Германия, Польша, Бельгия және басқаларын қосқанда, жалпы 13 елмен байланыстыратын 22 бағыт өтеді. Тасымалданатын жүктердің тауарлық номенклатурасы 200-ден аса тауар түрлерін қамтиды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото