Қытай кәсіпорындары салған Қазақстанның Тұрғынсу су электр станциясы толық өндіріске қосылып, электр желісін таратты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 27 шілде

27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Янцзы Үш Қысаң тобы шекті серіктестігінің қарамағындағы Қытай су игілігі, электр қуаты сыртқа бағытталған шекті серіктестігі (Үш Қысаң Қытай су электр станциясы үстіне алып салынған) Қазақстанның Тұрғынсу су электр станциясы таяуда барлық генератор агрегаттарын өндіріске қосып электр желісін таратты.

Ұш Қысаң Қытай су электр станциясы Қазақстан торабы серіктестігінің басшысы Сян Чжилян 19 шілде күні Синьхуа агенттігі тілшісін қабылдау барысында былай деді: «Тұрғынсу су электр станциясының 3-нөмірлі генератор агрегаттары 17 шілде күні 72 сағаттық сынақ мерзіміне іске қосылды. Генератор агрегаттарының әрбір жүйесі мен мөлшері жоба талабына, айналым өлшеміне үйлесіп және ресми торапқа қосылып электр желісін таратты.

Белгілі болғанындай Тұрғынсу су электр станциясы Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысы Тұрғынсу өзенінде орналасқан. Жалпы генератор агрегаттарының сыйымдылығы 24. 9 мегаватт. Нысанның құрылысы 2017 жылы басталған. Бұл осы алаптың сатылы жобасындағы тұңғыш электр станциясы әрі «Бір белдеу, бір жолды» бірге құру жүлгесіндегі Қытай-Қазақстан өндіріс қуаты ынтымақтастығының су электр саласындағы тұңғыш жасалған түйінді нысаны.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото