Үш түрлі дәрі ДДСҰ-ның «Бірлік тесті+» нысанына енгізілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 тамыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ДДСҰ 11 тамызда мынадай мәлімет жариялады: «аrtesunate, иматиниб, инфликсимаб сияқты үш түрлі дәрінің емдік қасиетін сынақтан өткізу үшін, өздері бас болып ұйымдастырған «бірлік тесті+» нысанына COVID-19-бен ауырғандарды шақырады».

Олар былай деді: «Бұл үш түрлі дәріге тәуелсіз сарапшылар коронавирустың салдарынан болатын өлім қауіпін төмендету мүмкіндігіне талдау жасайды. Негізінде бұл дәрілер басқа ауруларға қарсы қолданылатын: яғни, аrtesunate салмақты безгек науқасына, иматиниб ерекше ісікке, инфликсимаб крон ауруыны және ревматоидты артрит сияқты иммундық жүйе сырқаттарына пайдаланылатын».

Өзге дәрілердің немесе дәрілер қоспасының қауіпсіздігі мен өнімділігін салыстыру арқылы, коронамен ауырғандарды емдеудің өнімді әдісін ертерек табу үшін, 2020 жылы наурыз айында ДДСҰ «бірлік тесті» нысанын бастаған еді. Олар осы тәсілмен ремдесивир, гидроксихлорохин, лопинавир және интерферон секілді 4 түрлі дәріні сынақтан өткізді. Нәтижесінде аталған дәрілердің науқастар үшін көмегі тым аз болды немесе еш көмегі тимеді.

Енді жаңа «бірлік тесті» нысанының аты «бірлік тесті+» болып өзгерді. 52 елдің және аймақтардың 600-ден астам емханасы аталған нысанға қатысуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото