Көркем Қом

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 тамыз
Көркем Қом

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қом Қанас еліміздің ең терістік-батысындағы, Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасқан әдемі өңір. Қом жайлауы Қанас өзені мен Қом өзенінің тоғысқан жеріндегі тау ішінде. Жайлауды терістік шығыстан басталып, оңтүстік батысқа қарай ағып жатқан Қом өзені кесіп өтіп, жайлауды екіге бөліп жатыр. Қом ауылы осы бассейннің орталығында. Оның көркем көрінісі табиғи әрі байырғы қалпын сақтаған.

Қом ауылы тувалықтардың тұрмыс дәстүрін ең кемелді сақтаған ауыл. Ондағы белуарына дейін топыраққа көмілген ағаш үйлер бейне орман мен жайлаудан өсіп шыққан тәрізді. Қомның қысы ұзақ болады, ағаш үйлер жарты жылға жуық қысқы аяздан сақтанудың ең жақсы амалы.

Қом өзені қыстақтың шетінен ағып өтеді. Оның бір жағы ағаш үйлер, бір жағы қайыңды орман. Арнасы кең өзеннің түбі мөлдіреп жатады. Өзеннің күнгей жағы жасыл, теріскей жағы көкпенбек болып тамаша көрініс қалыптастырған. Баяу аққан өзен малта тастарға соғылғанда, аппақ толқындар пайда болады.

Қом өзені мен қайыңды орманның көркі көз сүйсіндіреді. Ал Қомның ең көркем классикалық көрінісі - шөккен тұман. Мен таңғы сағат 5-те ауылдың батысындағы белеске шыққанымда, бірінші толқын тұмандар шығыстағы ағаш үйлерден көтерілді. Біртіндеп айналаға жайылған тұмандар Қом Қанастың аспанында ақ бөртпедей шөгіп қалды.

Қомның көркі шөккен тұманда екен. Егер тұман шөкпесе, ондағы ағаш үйлер мен қайыңды орман, тіпті бүкіл Қом көркінен айырылып қалғандай болады.

Түнде сейілге шықсаң әлем тыныштыққа шомып, ай ғана саған серік болады. Тороның «Уолден көлі» деген кітабында «Мен ғаламның осындай бір жеріндемін. Бұл жер шалғай десең шалғай, бірақ мәңгі жаңа, әрі мәңгі шаң-тозаң баспайды» -, деп жазғаны сияқты. Торо Уолден көлін емес, Қомды суреттеген жоқ па екен?

Бұл бір алтын күздегі ертегідей. Қомдағы тувалықтар бейне «Дуня мен жұмақтың арасында өмір кешіп, Дуня мен жұмақтың нұрын шашып отырғандай». Адамдарға өлеңдей сезілгені - тувалықтардың өмірі. Олар күніне Қом өзенімен, ақ қайыңмен, жылқылармен, жұлдызды аспанмен, көрші-қолаң, ағайын-бауырмен, өздерімен тілдеседі. Сол үндерін күнделік күйбеңімен ұштастырып, кереметтей күн кешеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото