Онлайн «Халық Газетінің» қазақ(кириллица), италиян, суахили тілдеріндегі нұсқасы жарық көрді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 1 қыркүйек

1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Онлайн «Халық Газетінің» қазақ(кириллица), италиян, суахили тілдеріндегі нұсқасы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде ресми түрде халықпен жүздесті.

Онлайн «Халық Газетінің» қазақ(кириллица), италиян, суахили тілдеріндегі нұсқасы тиісті өңірлердегі халыққа Қытайдың саясаты、экономикасы、қоғамы、мәдениеті、ғылымы мен білімі секілді көптеген салаларынан ақпарат таратады. Сөйтіп, қытайлықтар мен сол өңірдегі интернет тұтынушыларының өзара түсінісіп, барыс-келіс жасауының жаңа мүмкіндігіне айналуды мақсат етіп отыр. Бұл жоба онлайн «Халық Газетінің» көп тілді、көп терминалды、жаһанданған、қамту аясы кемелді алдыңғы қатарлы халықаралық жаңа медиа құру қадамын оңтайландыра түседі.

Үш бірдей шетел тіліндегі сайт парақтарының жарық көруі -онлайн «Халық Газетінің» халықаралық ақпарат тарату қуатын жоғарылатудың маңызды шарасы. Онлайн «Халық Газеті» «әр тарапты өңір, басқа мемлекет, өзге жұртшылықты жақын тартып, дәлме-дәл ақпарат тарату тәсілін қолдану арқылы, Қытай арманы мен Қытай үнін жаһандандырып、өңірлендіріп、бұқараландырып бейнелеу» сынды халықаралық ақпарат тарату қызмет талабына сәйкесіп, Қытай хикаясын, Қытай үнін дәйекті жеткізіп, Қытай елін шынайы, стролды, жан-жақты көрсетуді орындап келеді.

Қазір онлайн «Халық Газетінің» қазақ, ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс, португал, италиян, суахили сынды 12 шет тіліндегі нұсқасы бар. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото