Шанхай ынтымақтастық ұйымының әнұраны Душанбеде шырқалады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қыркүйек
Шанхай ынтымақтастық ұйымының әнұраны Душанбеде шырқалады

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы 17 қыркүйекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаңа ресми логотипті қосады. Ұйымның эмблемасы мен туы негізінде жаңа белгі ретінде қосылған Әнұран алғаш рет Душанбедегі ШЫҰ -ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі кезінде Наурыз сарайында орындалады.

ШЫҰ әнұранының композиторы - Тәжікстан Республикасы композиторлар қауымдастығының төрағасы, танымал актер Әмірбек Мұсазада. Тақырыптық әннің тұңғыш қойылымын Ресей ұлттық кино оркестрі аспаппен сүйемелдейді, ал дирижері - орыс халық әртісі Сергей Скрипка.

Биыл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына жиырма жыл толды. Бұрынғыға мұрагер кейінгіге бұйдагер болар сәтте шығарылған әнұранның дәуірлік маңызы зор. Душанбе саммиті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қарқынды дамуының жаңа дәуірін бастайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото