Бейжіңде «Бір белдеу - бір жол» әдебиет одағы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйек күні түстен кейін, Бейжіңде Қытай жазушылар қауымдастығының бастауымен «Бір белдеу - бір жол» әдебиет одағы құрылды. Дүниенің әр жерінен келген қауымдастық мүшелері құрылу салтанатына қатысты. Аталмыш одақтың құрылуындағы мақсат - әдебиет алмасуын нығайтуға, жазушылар арасындағы достықты бекемдеуге, көрнекті әдеби шығармаларды аудару және таратуға жәрдемдесу, өркениеттердің алмасуы мен өзара үйренуге қолайлылық орнықтыру. Сол арқылы халықтар арасындағы ауыс-түйісті нығайтуға бағытталады.

«Бір белдеу - бір жол» әдебиет одағы көптеген елдердің әдеби қауымдыстықтары мен жазушыларының қолдауына ие болды. Қытай Жазушылар қауымдастығынан басқа, БАӘ, Пәкістан, Палестина, Филиппин, Қазақстан, Корея сынды 35 мемлекеттегі 30 қоғам да ықпалды әдеби топтар, 19 әдебиетшілер мен аудармашылар одағының негізін қалаушы ретінде бірікті. Одақтың хатшылығы Қытай Жазушылар қауымдастығында орналасқан.

Сол күні «Бір белдеу - бір жол» әдебиет одағының ресми сайты ашылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото