Бірінші «Бір белдеу, бір жол» Қытай қорғаны халықаралық халық мәдениеті мен өнері мерекесі 15 қыркүйекте басталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек
Бірінші «Бір белдеу, бір жол» Қытай қорғаны халықаралық халық мәдениеті мен өнері мерекесі 15 қыркүйекте басталды

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйек күні Хэбэй өлкесінің Халықтық үкіметі, Мәдениет және туризм министрлігі бірлесіп 2021 жылғы «Бір белдеу - бір жол» Қытай қорғаны халықаралық халық мәдениеті мен өнері мерекесі баспасөз мәслихатын «Халық Газеті»-нің (People Daily)жаңа медиа ғимаратында өткізді. Тұңғыш өнер мерекесі 15-17 қыркүйек аралығында Хэбэй өлкесінің Лаңфаң, Циңьхуаңдао қалаларында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мәліметтерге қарағанда, бұл өнер мерекесіне 600 -ге жуық қонақ қатысады. Оның ішінде ЮНЕСКО-нің тиісті ұйымдарының Қытайда тұратын өкілдері, Қытайдағы басқа да мемлекеттердің елшілері мен мәдениет және өнер қайраткерлері бар. Сонымен бірге «Бір белдеу, бір жол» бастамасы қатысты мемлекеттердің халықтық мәдениет ұйымдары, өнер академиясы, өнерпаздар, халықтық дәстүрлі өнерге мұрагерлік етушілер, Қытайдағы мәдениет индустриясының бөлімшелерінің өкілдері, ел ішіндегі және шетелдегі белгілі ойын-сауық ұйымдары бар.

Өнер мерекесі барысында Лаңфаң қаласының Жібек жолы халықаралық өнер алмасу орталығында бірқатар іс -шаралар өтеді. Оның ішінде көптеген елдердің классикалық қойылымдары мен көрмелері бар. Сонымен қатар мереке күндері халықаралық және отандық өнерпаздар үшін онлайн және офлайн кездесулер мен семинарлар, халықаралық халық шығармашылығының карнавалдары, желі арқылы және басқа да іс -шараларды жоспарланды.

Циңьхуаңдао филиалында «Қытай қорғаны мәдениеті» тақырыбындағы фото көрмелер, форумдар, концерттер, материалдық емес мәдени мұра көрмелері, азық-түлік көрмелері, «Қытай қорғаны техникасы» қолөнер көрмелері мен тәжірибелік турлар өткізіледі. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото