Beidou-3 жаһандық жүйесі жеті түрлі қызмет көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қыркүйекте Хунань өлкесі үкіметінің ақпарат басқармасы өткізген баспасөз мәслихатында «Қазіргі уақытта Beidou-3 жаһандық жүйесі жеті түрлі қызмет көрсетеді. 2020 жылдың шілдесінде ресми ашылғаннан бері жұмысын тұрақты жалғастырды және қызмет көрсету бойынша әлемде жетекші орынға ие», - деп таныстырды Қытай спутниктік навигациялық жүйесін басқару кеңсесі директорының орынбасары Чэнь Гуцан.

Бұл жеті түрлі қызметке мыналар кіреді:

Бірінші, позициялау мен навигацияның уақыт қызметі. Жаһандық нақты орналасу дәлдігі көлденең бағытта 2,5 метрден және тік бағытта 5,0 метр парықтан кіші. Жылдамдықты өлшеу дәлдігі 0,2 м/с парықтан кіші, ал уақыт дәлдігі 20 наносекунд парықтан аз.

Екінші, ғаламдық қысқа хабарлама қызметі. Ол 14 MEO спутнигі арқылы жаһандық қолданушыларға сынақ қызметтерін ұсынады. Жеке хабардың максималды ұзындығы - 560 бит және 40 шақты қытай таңбасы бар.

Үшінші, халықаралық іздеу -құтқару қызметтері. MEO -ның алты спутнигі іздестіру-құтқару жүктемесімен жабдықталған және халықаралық стандарттарға сәйкес. Олар B2b қайтару сілтемесін растайтын Beidou функциясын қамтамасыз етеді және жаһандық пайдаланушыларға апат туралы хабарлау қызметін ұсынады.

Төртінші, аймақтық қысқа хабарлама қызметі. Бір хабарламаның максималды ұзындығы - 14000 бит, мөлшермен 1000-ға жуық қытай таңбаларын қамтиды. Қысқаша хабарламаның аймақтық функциясы бар смартфондар осы жылдың соңына дейін нарыққа шығады.

Бесінші, дәл бір нүктелік позициялау қызметі. Дәл бір нүктелік позициялау сигналы 3 GEO спутнигі арқылы таратылады, орналасу дәлдігі өлшенген көлденең бағытта 20 см-ден және биіктігі бойынша 35 см-ден кіші.

Алтыншы, спутниктік негізде жетілдірілген қызметтер. ICAO техникалық тексеру талаптарын қанағаттандыру үшін бір жиілікті және қос жиілікті көп шоқжұлдыз сынды екі жетілдірілген қызмет режимін қолданады. Қазіргі уақытта спутниктік негіздегі жетілдірілген жүйенің қызмет көрсету платформасы негізінен құрылып болды. Ол азаматтық авиация, теңіз істері мен темір жолы сияқты кемелділікті қажет ететін пайдаланушыларға сынақ режимінде қызмет көрсетеді.

Жетінші, жер бетіндегі жетілдірілген қызметтері. Өнеркәсіп пен жұртшылықтың қажеті үшін нақты уақыт режимінде сантиметрлік және миллиметрлік деңгейде позициялауды жақсарту қызметтерін ұсыну үшін бүкіл Қытай бойынша жүйелік базалық станция мен аймақтық желілік базалық станция салынған.

Қытай Beidou-дың халықаралық дамуын жалғастыруды қуаттайды. «Бір белдеу-бір жол» құрылыс жоспарымен бірге Қытай мен Ресей, Қытай мен Араб мемлекеттері, Қытай мен Африка, Қытай мен Бразилия арасындағы көпжақты және екіжақты ынтымақтастық пен өзара алмасуды дамытуды жалғастырады. Сондай-ақ Beidou-дың қолданыс аясын үнемі кеңейтііп отырады; әлеуетті компаниялардың шетелдік спутниктік навигация қосымшаларының артықшылықтарынан үйреніп және тәжірибе жинап, Beidou-ді жаһандық деңгейге көтеруді жалғастырып, Beidou-дің ауқымды пайдаланылуы мен халықаралық дамуына ықпал ету тиімділігін қолдайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото