Ван И: Терроризм індетін түбірімен сылып тастау керек, таңдап қарсы тұруға болмайды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің сайтына сәйкес, жергілікті уақыт бойынша 2021 жылдың 12 қыркүйегінде мемлекеттік кеңестің мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Пномпеньде Камбоджа Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Брасокунмен кездесуден кейін тілшілермен жүздесіп, қазіргі халықаралық терроризмге қарсы жағдайға Қытайдың көзқарасын білдірді.

Ван И алдымен 20 жыл бұрынғы әлемді дүр сілкіндірген «11 қыркүйек» оқиғасында қаза болған жандарды тағы бір рет шынайы еске алатынын айтты.

Ван И терроризмнің ұлтқа, шекараға бөлінбейтінін және жақсы-жаман болып қаралмайтынын атап көрсетті. Қандай түрде пайда болса да, қашан және қай жерде болмасын, оны қатаң түрде жою қажет. Соңғы 20 жылдағы тәжірибе терроризмге қарсы іс-қимылдың дәйекті болуын, мұндай дертті түп тамырымен сылып тастау қажеттігін және халықаралық қауымдастықтың бірлесіп жұмыс жасау керектігін дәлелдеді. Терроризмге таңдап қарсы тұру сайып келгенде өзіне ор қазғанмен бірдей, терроризм әрекеттерін әр түрлі стандартқа бөліп қарау халықаралық қағидаға сәйкес келмейді, оны белгілі бір этникалық топпен немесе діндермен байланыстырудың соңғы нәтижесі кемсітушілікті, алалаушылықты тудырады.

Ван И бүгінде бүкіл әлем бойынша терроризмнің жойылмағанын, эпидемияның әлі де өршіп тұрғанын, климаттың өзгеру қаупінің қоршаған ортаға қатер төндіргенін, есірткі контрабандасы сияқты қылмыстардың әр елдерде үнемі қайталанып жатқанын, жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келгенімізді және тез арада бүкіл әлем бойынша жауап беруіміз керек екенін баса айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото