«Жібек жолы электронды саудасы» «бір белдеу, бір жол» бойындағы экономика және сауда ынтымақтастығының жаңа арнасын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ел іші-сыртындағы жиналысқа қатынасқан өкілдер 21-інші Қытай халықаралық инвестициялар мен сауда жәрмеңкесі кезінде өткізілген «Жібек жолының электронды саудасы» үкіметтік-кәсіпорындық диалог және халықаралық ынтымақтастық (Сямэнь) 2021 форумында індет кезінде және әлем экономикасының құлдыраған қос қысымы жағдайында «Жібек жолы электронды саудасы» маңызды рөл атқарды. Оның «Бір белдеу мен бір жол» бойындағы елдердің экономикасының қалпына келуіне және дамуына көп көмегі болды, - делінді. Осы экономикалық және сауда байланысының ынтымақтастығы мен ықпалы үздіксіз тереңдей түседі және кеңейтіледі деп үміттенетіндіктерін де білдірді.

Сауда министрлігі электрондық коммерция және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкері Чжу Лянь форумда сөйлеген сөзінде өткен жылы Қытайдың электронды саудасы алда жүріп, тұтынуды насихаттады. Бұдан басқа сыртқы сауданы тұрақтандыру, кедейлерге көмек көрсету, жұмыспен қамтуды кеңейту және дәстүрлі өндірістердің трансформациялануына жәрдемдесу сынды жақтарда оң үлес қосты. Сөйтіп жергілікті халық тұтынуының маңызды арнасы болды. Сыртқы сауданы дамытудың инновациялық форматы экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналды,- деді. Сауда министрлігі «Жібек жолының электронды саудасын» ілгерілетуді жалғастырады, әрі оны тереңдетеді. Электронды сауданы дамытудың дивидендтерін серіктес елдермен бөлісуге, жаһандық экономиканы қалпына келтіруге жаңа серпін қосады.

Жалпыға ортақ мәліметтер бойынша, ұлттық интернет-бөлшек сауданың және трансшекаралық электронды сауданың импорты мен экспортының өткен жылдағы тенденцияға сәйкес өсуінің негізінде биылғы алғашқы жарты жылдағы ұлттық интернет-бөлшек сауда мен трансшекаралық электрондық сауданың импорты мен экспорты жеке-жеке 6,11 триллион юань және 886,7 миллиард юань болды. Жылдық өсім 20%-дан асты.

Камбоджа, Венгрия, Аргентина, Сингапур сынды елдердің қатысушылары форумда Қытай цифрлық экономиканың, оның ішінде электронды сауданың экономикалық дамуға жәрдемдесуінде, кедейлікті жоюда, шағын және орта кәсіпкерлікке көмектесудегі тиімділігін көрсетті деп мәлімдеді. «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің экономикалық дамуына үлес қосты. жаңа бизнес форматтары, жаңа модельдер мен аймақтық жан-жақты экономикалық әріптестік келісімдері (RCEP) «Жібек жолы электронды саудасына» жаңа мүмкіндіктер әкелді. Қытайдың «Жібек жолы электронды саудасы» ынтымақтастықты жандандыруға және тереңдетуге үміттенемін. Қытай кәсіпорындары, мектептері, ғылыми -зерттеу мекемелері жергілікті ұйымдарға инвестиция салу және ғылыми алмасулар жүргізуін қарсы аламыз деді.

Мәліметтерге сәйкес, еліміз 22 елмен «Жібек жолы электронды сауда» екіжақты ынтымақтастық механизмін құрды. Ондағы саяси байланыс, жоспарлау қондырғысы, өнеркәсіпті ілгерілету, жергілікті ынтымақтастық және әлеует сияқты көп деңгейлі және көп салалы ынтымақтастықты бірлесіп жүзеге асыру сынды шаралар «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерде электронды сауданың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото