Қытайдың «Шэньчжоу-12» әлем кемесі жершарына оралмақшы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ғарыштық инженерлік станциясының инженерлік басқышы ұшу миссиясының командалық штабы «Шэньчжоу-12» ғарыш кемесі 17 қыркүйекте жершарына оралады деп шешті.

Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесі берген мәліметке сәйкес, 2021 жылы 16 қыркүйекте Бейжің уақытымен 8- ден 56 минут өткенде «Шэньчжоу-12» әлем кемесі мен «Тяньхэ» өзекті бөлмесі сәтті бөлінді. Қазірге дейін «Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлер ғарыш станциясында 90 күн бойы тұрақтап, кешенді жұмыс істеді. Осы бір рет ұшу миссиясында қытайлық ғарышкерлер ғарышта болу уақыты бойынша рекорд орнатты.

Бөліну алдында ғарышкерлер жердегі ғылыми-техникалық қызметкерлермен бірлесе отырып, эвакуация алдындағы тапсырмаларды орындады. Мысалы, ғарыш станциясының құрастыру күйін белгілеу, эксперименттік мәліметтерді сұрыптау және жүктеу, орбиталық материалдарды тазалау және жеткізу. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото