Қытай мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда көлемі 20 жылда 20 есеге өсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қыркүйек

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің өкілі еліміз бен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы сауда көлемі 2001 жылы 12 миллиард АҚШ долларын құрағанын, ал 2020 жылға қарай ол 245 миллиард АҚШ долларына жетіп, бұл 20 жылда 20 есе өскенін мәлімдеді. Осы жылдың қаңтарынан шілде айына дейін еліміз бен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 180,6 миллиард АҚШ долларын құрап, 41%-ға өсті.

2021 жыл шілденің соңына дейін, еліміздің ШЫҰ-на мүше елдерге жалпы инвестиция көлемі 70 миллиард АҚШ долларынан асты. ШЫҰ Одағының банкаралық бірігу аясында берілген несиелер 150 миллиард АҚШ долларынан асты. ШЫҰ-на мүше елдерге мұнай мен газдың, электр энергиясының, химияның, ауыл шаруашылығының және халық тұрмысы сынды нысандардың көптеген жобаларының құрылысына қолдау көрсету үшін жалпы көлемі 5 миллиард АҚШ доллары болатын «Қытай-Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық қоры» құрылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото