Ғарыштық «Үш адамдық іссапар группасы» қаншалықты керемет?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қыркүйек

18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы 17 қыркүйек сағат 13:37–де «Шэньчжоу-12» басқарылатын ғарыш кемесі жерге сәтті оралып, өз миссиясын табысты аяқтаған болатын. Олар «Шэньчжоу-12» әлем кемесіндегі ғарышкерлер ғарыш станциясында 90 күн бойы тұрақтап, кешенді жұмыс істеген болатын. Осы бір рет ұшу миссиясында Қытайлық ғарышкерлер ғарыш кеңістігінде ұзақ болу уақыты бойынша рекорд орнатты.

«Шэньчжоу-12» ғарыш кемесі қандай рекордттарды орнатты?

Біріншіден, автономды жедел кездесулер мен қондырылатын ғарыш кемесінің қондырылуы алғаш рет жүзеге асырылды, жұмыс уақыты тек алты сағатқа созылды;

Екіншіден, алғаш рет орбитада үш айға дейін ұзақ уақыт болуға қол жеткізді;

Үшіншіден, робот қолының көмегімен тұңғыш рет ғарыштық серуендеуді орындады. Ұзақтығы алты сағаттан асатын серуен жалпы екі рет болды.

Төртіншіден, алғаш рет керексіз суларды кәдеге жарату, оттегінің регенерациясы және басқада, тіршілікті қамтамасыз ететін регенеративті жүйе тексерілді;

Бесіншіден, алғаш рет ғарышкерлердің денсаулығын басқаруды жүргізу үшін, ғарышкерлер жоспар бойынша жаттығулар жасайды, тіркейді және бақылайды, осылайша денсаулық жағдайларын «Аспан мен жердің арасында еркін меңгеріп тұрады»;

Алтыншыдан, алғаш рет жабдық кабинаның сыртына орнатылды, ғарыш станциясында тоғыз түрі мен 42 сынақ жүргізілді.

Жетіншіден, ғарыш станциясының айналасында бірінші рет ғарыш станциясымен радиалды кездесуді орындады;

Сегізіншіден, алғаш рет ол әр түрлі биіктіктегі орбиталардан қону алаңына оралу мүмкіндігіне ие болды. Бұл басқарылатын ғарыш аппараттарының қайту биіктігін бекітілген мәннен салыстырмалы диапазонға дейін реттеуге мүмкіндік береді. Сөйтіп ол бейімделу мен сенімділікті жақсартады.

Олар неге Дунфэн қону алаңына қонуды таңдады?

Еліміздің солтүстік-батысындағы Ганьсу өлкесінің Цзюцюань қаласындағы шөл даланың қойнауындағы Дунфэн қону алаңы - «Шэньчжоу-12» әлем кемесіндегі ғарышкерлердің жер шарындағы ата мекеніне оралуының алғашқы аялдамасы. «Шэньчжоу-1» ден «Шэньчжоу-11» миссияларында Дунфэн қону алаңы басқарылатын миссиялар үшін резервтік қону алаңы ретінде пайдаланылды және Сыцзыванци қону алаңымен бір мезгілде салынды.

«Бұл арада Дунфэн ұшыру және қондыру алаңы да бар» . Профессор Цзяо Вэйсинь айтуы бойынша: қону алаңы Гоби аймағында орналасқан, ал ол ұшы қиырсыз кең жатқан жан баласы баспаған кең жазық. Сондықтан қону мүмкіндігінше ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар, жоғары тану және ажырату қабылеті де назар аударатын фактор. Назар аудару үшін, парашют қызыл және ақ түстен жасалған. Дунфэн қону алаңында аздаған ормандар мен көлдер бар, бұлардың барлығы құтқару тобының жұмысын біршама жеңілдетеді.

Неліктен ғарышкерлер жер шарына оралғаннан кейін оқшаулануы керек?

Медициналық оқшаулау қажет. Ғарышкерлерге денсаулығын қалпына келтіру қажет, ол әдетте үш кезеңге бөлінеді: медициналық оқшаулау кезеңі, медициналық сауықтыру кезеңі және қалпына келтіру кезеңі. Біз ғарыш кемесіндегі қоршаған ортаны тамаша әзірледік, бірақ ұзақ уақыт ұшуға байланысты ғарышкерлердің иммунитеті өзгеруі мүмкін. Сондықтан карантиндік шараларды қабылдау дегеніміз- ғарышкерлерді қорғау.

Медициналық оқшаулау мерзімі шамамен 14 күн. Ғарышкерлер ғарышкерлерге арналаған үйде жердің тартылыс күшіне бейімделеді, жүрек-қантамыр жүйесін жақсартады және спорттық органдардың қызметін жоғарылатады, төзімділікті жақсартады және ұшудан кейінгі шаршауды жояды.

Емделу кезеңі - 20-30 күн. Ғарышкерлер ауа райы жақсы, ауасы тамаша шипажайда болады және денсаулығын қалпына келтіруді жалғастыра отырып, белсенділігін біртіндеп арттырады.

Қалпына келтіру кезеңі шамамен 3 айды құрайды. Осы кезеңде ғарышкерлердің әр түрлі физиологиялық параметрлері олардың ұшу алдындағы күйіне қайтарылуы керек. 3 айдан кейін, егер ғарышкерлердің физикалық жағдайы жақсы болса, олар күнделікті жаттығуларды бастай алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото