Елімізде күнделікті көмір өндіру 12,05 миллион тонна болып рекордтық көрсеткішке жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қараша
Елімізде күнделікті көмір өндіру 12,05 миллион тонна болып рекордтық көрсеткішке жетті

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 11 қараша күні Ұлттық даму және реформа комиссиясынан алған мәліметінше, көмір өндіру мен жеткізуді арттыру шараларының үздіксіз жүзеге асырылуымен көмір кенінің жоғары сапалы өндірістік қуаты одан әрі жетіліп, суық ағыстан кейін ұлттық көмір өндірісі жедел қалпына келіп, ұлғая түсті. 10 қарашада көмір жөнелтудің күнделікті өндірісі 12,05 миллион тонна болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл алдыңғы ең жоғары көрсеткіштен 120 000 тоннаға артқан. Олардың ішінде Шаньси, Шэньси, Шыңжаң сынды көптеген өлке мен өңірлердегі көмір өндірісі жақын жылдардан бері жаңа биіктерге жетті. Көмір өндірісі - Ұлттық энергиямен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жұмысының нық негізін қалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото