- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Қытай мен Ресей халықаралық теңдік пен әділеттілікті сақтаудың негізгі тірегі
![]() |
17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР-ның Төрағасы Си Цзиньпин 15 желтоқсан күні түстен кейін Бейжіңде Ресей Президенті В.Путинмен бейнеконференция өткізді.
Кездесу кезінде Си Цзиньпин В.Путинге: «Сізбен жыл соңында биылғы жылдың екінші рет бейне кездесуін өткізгеніме қуаныштымын. Бұл 2013 жылдан бергі 37-нші кездесуіміз. Сіз көптеген мемлекетаралық басқосуларда Қытай-Ресей қарым-қатынасын «ХХІ ғасырдағы елдер ынтымақтастығының үлгісі» ретінде жоғары бағалап, Қытайдың негізгі мүдделерін қорғауын батыл түрде қолдап, Қытай мен Ресейді жікке бөлу әрекеттеріне қарсы шықтыңыз. Мен мұны жоғары бағалаймын және биылғы жылы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы жаңа жетістіктерді жан-жақты қорытындылау, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жаңа жоспарларын құру, екіжақты қарым-қатынастардың тұрақты және сапалы дамуына ықпал ету үшін Сізбен бірге жұмыс істеуге дайынмын», - деді.
Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: «Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі жүз жылдық құбылыстар мен ғасырлық індеттің салдарынан әлем аласапыран өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Қытай-Ресей қарым-қатынастары түрлі қиын кезеңдерден тайсалмай өтіп, жаңа өміршеңдік танытты. Президент мырза екеуміз әртүрлі жолдармен негізгі мәселелер бойынша байланыс пен үйлестіруді сақтап, Қытай-Ресей қарым-қатынас тізгінін бірге алып жүрдік. Екі жақ «Қытай-Ресей тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың» мерзімін ұзарту келісімін ресми түрде жариялап, оған заманауи сипат берді. Бір-бірінің негізгі мүдделеріне қатысты мәселелерде бір-бірін табанды түрде қолдап, екі елдің абыройы мен ортақ мүдделерін қорғады».
Си Цзиньпин Қытай мен Ресейдің жан-жақты прагматикалық ынтымақтастығы зор саяси және мүмкіндік абзалдықтарын көрсетіп берді. Екіжақты сауда көлемі алғашқы үш тоқсанда тұңғыш рет 100 миллиард АҚШ доллары шегінен асты және жыл бойы жаңа биіктерге жетеді деп күтілуде. Қытай-Ресей ғылыми-техникалық инновация жылы сәтті аяқталып, бірқатар ірі стратегиялық жобалар табысты жүзеге асырылып, «Бір белдеу, бір жолды» бірге құру мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірлескен құрылысы сәтті ілгерілетілді. Екі ел ірі мемлекет ретінде өздерінің жауапкершілігін белсенді көрсете алды: індетпен күресу үшін халықаралық қауымдастыққа бірікті, демократия мен адам құқықтарының нақты коннотацияларын түсіндірді, шынайы көпжақтылықты қолданудың және халықаралық теңдік пен әділеттілікті сақтаудың негізгі тірегіне айналды.
people.cn © People's Daily Online