Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэймен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 31 желтоқсан
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэймен кездесті

31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Президент сарайында Қытай Үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэймен кездесті.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты және жан-жақты стратегиялық серіктестік ешқандай шектеуге ұшырамайтынын айтты. Індеттің зардабына қарамастан, екі елдің әртүрлі салаларындағы ынтымақтастығы тұрақты дамып, екіжақты сауда ағынға қарсы жүзді.

Ли Хуэй тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанның ұлттық сипаттағы орасан зор жетістіктерін жоғары бағалап, Қытай екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай түрлі салаларда екіжақты прагматикалық ынтымақтастық пен мәдени алмасуларды тереңдетіп, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының жаңа әрі үлкен дамуларға жетуіне ықпал етуге дайын екенін айтты.

Кездесуден кейін Қ.Тоқаев Ли Хуэйді Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін және Қытай-Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай «Достық» медалімен марапаттады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото