Қытайдың «300 миллион адамды қар-мұз спорттарына қатыстыру» мақсаты орындалды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қаңтар
Қытайдың «300 миллион адамды қар-мұз спорттарына қатыстыру» мақсаты орындалды

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қаңтар күні Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің жалпы жоспарлау бөлімінің директоры Ли Сен баспасөз мәслихатында, Қытай қар-мұз спортының дамуын ілгерілету Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге өтініш беру, дайындық көру және өткізудің маңызды мақсаттарының бірі деп атап көрсетті. Бірнеше жылдардан бері Қысқы Олимпиадаға дайындық көруді мұрындық етіп, Қытайдың қар-мұз спорты ұшқан құстай дамыды.

Ли Сен мемлекеттік спорт бас басқармасы жариялаған мәліметтерде қар-мұз спортына қатысқан адам санының 346 миллионға жеткенін айтты. 2020 жылдың соңына дейін елімізде 654 стандартты мұз айдыны мен 803 жабық және ашық тау шаңғысы курорты болғанын жеткізді. Сөйтіп «300 миллион адамды қар-мұз спортына қатыстыру» мақсаты жүзеге асқанын білдірді.

Ли Сен қар-мұз спортын дамыту ұзақ уақыттық жоба екенін, Қытайдың жан саны мол, еліміздің жан саны мен даму сұранысынан алып айтқанда Қытайда қазіргі бар қыстық спорт ойындарын өткізу орындар әлі де жеткіліксіз болатынын баса айтты. Ол тағы да Қысқы Олимпиада ойындарынан кейін Қытай саясат кепілдігі тұрғысынан, жастардың қар-мұз спортын дамыту, спорт орындары құрылысы, қар-мұз спорты шараларын өткізу, кәсіптік дарындыларды тәрбиелеу сынды жақтардан Қытайдың қар-мұз спортының дамуын жалғастыратынын және ілгерлететінін жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото