Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы сауда көлемі 30 жылда 100 еседен астам өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қаңтар

18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Орталық Азияның бес елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 30 жылдан бері Орталық Азияның бес елімен сауда көлемі 100 еседен астам өсті. Ал Орталық Азияның бес еліндегі тікелей инвестиция қоры 14 миллиард АҚШ долларынан асты.

2022 жылы Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Қытай-Орталық Азия экономикалық және сауда ынтымақтастығы форумы 2022 жылдың 17 қаңтарында бейнекөрсетілім арқылы өтті. Кездесуде Қытайдың Сауда министрі Ван Вэнтао мәлімдеме жасады. Министр сөзінде былай деді: «Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 30 жыл ішінде Қытай экономикалық және сауда прагматикалық ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырды, сонымен бірге бай мазмұнды, өміршеңдік пен өзара тиімділікке толы экономикалық және сауда қарым-қатынастарын құрды. Сөйтіп берік және маңызды ынтымақтастық нәтижелеріне қол жеткізді».

Орталық Азиядағы бес ел өкілдері ынтымақтастық пен селбестікті одан әрі нығайтып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, індетпен күресіп, экономиканы қалпына келтіруді тездетіп, көпжақты және екіжақты экономикалық және сауда ынтымақтастықтары мен аймақтың бейбіт әрі орнықты дамуына үлес қосу керек деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото