Қысқы Олимпиада: Қазақстанда спорттың 8 түрінен 82 жолдама бар

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 қаңтар

17 қаңтар күні ақ Олимпиада ойындарына арналған барлық іріктеу және рейтингілік додалар аяқталып, лицензиялардың басым бөлігі үлестірілді. Нәтижесінде Қазақстандық атлеттер спорттың 8 түрінен 82 жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, шаңғы жарысы бойынша қоржында 30 жолдама бар. Фристайлшылар тоғыз жолдамаға ие болған. Соның ішінде могул бойынша – 5, акробатика бойынша 4 жолдама бар. Конькишілер мен биатлоншылар – 12, шорт-трекшілер 9 жолдаманы қоржынға салды. Тау шаңғысы мен шаңғымен тұғырдан секіру спортынан ел құрамалары 4 жолдамадан еншілесе, шаңғы қоссайысынан отандық спортшылар екі лицензияға ие болды.

 Бүгінгі таңда олимпиадалық құрама сапына 32 спортшы енді. Айта кетерлігі, бұл спортшылардың соңғы әрі нақты саны емес. Себебі ҰОК кейбір спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың лицензияларды қайта бөлу, үлестіру нәтижелерін күтуде. Атап айтқанда, биатлон, шаңғы жарысы, могул және акробатикадан тағы да жолдамалар үлестірілуі мүмкін. Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың соңғы әрі нақты тізімі 20 қаңтардан кейін белгілі болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото