Шыңжаңдық малшының шаңғы сапары

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қаңтар

21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 45 жастағы Талғат Сатайұлы 15 жасына дейін Тяньшань шатқалындағы жайлауда өскен. Оның қар-мұз туралы бала күнгі елесі атпен ақ қар, көк мұзда мал іздеу ғана еді.

Бүгінде ол қыста қар шаңғысы алаңында көмекке мұқтаж жандарды құтқару қызметін атқарады.

Шыңжаңның Үрімші ауданы Шүйсигоу қалашығының бір елді мекенінде тұратын Талғат осыдан 16 жыл бұрын үйіне жақын жердегі ұлттық 5S дәрежелі шаңғы алаңы «Жібек жолы» халықаралық курорттық шаңғы базасына жұмысқа тұрады. Ол осында күзетші және қарапайым жедел жәрдем қызметкерінен тау шаңғысы жедел жәрдем тобының басшысына дейін көтерілді.

«Адамның амандығы үнемі бірінші орында» деп білетін Талғат күнде таңертең команданы әр шаңғы трассасына апарып, қорғаныс торлары мен басқа да құралдарды тексеріп, шаңғымен жүгіруді сынап көреді және көзге түскен қарапайым қауіптердің алдын алады. Талғат саяхатшыларға сырғанау барысында жедел жәрдемді мүмкіндігінше тезірек қамтамасыз ету үшін, барлық қар соқпақтарының негізгі нүктелеріне кезекшілікке адам қоятын болған. Сонымен қатар, төтенше жағдайларда құтқару мүмкіндігін арттыру үшін тұрақты жаттығулар өткізеді.

«Шаңғы тебу - өмірімнің бір бөлігі» дейтін Талғат сияқты шыңжаңдықтар қар-мұз спорт түрлері дамуының орайын пайдаланып, жұмыс көздерін тауып, кірістерін арттырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото