- Барлық ақпарат
Барыс жылына орай – жолбарыс жайлы халықтық ұғымдар
30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жыл – Барыс жылы. Жануарлардың патшасы ретінде жолбарыс адамдардың танымында өте бай мәдени мәнге ие, ол билік пен күштің символы ретінде саналған. Сонымен қатар ол зұлым рухтар мен ластықтан тайдыра алатын сиқырлы және қаһарлы күш иесі ретінде әспеттеледі. Қытай мәдени жәдігерлеріндегі әртүрлі пішіндегі жолбарыс бейнесі оның рухы мен мәдени коннотациясын жан-жақты көрсетеді.
Мұражайдағы «жолбарыстар»

Жолбарыс тәріздес мәдени жәдігерлердің ішіндегі ең күшті символ – жолбарыс бойтұмары. Жолбарыс бойтұмары ерте заманда жасақ жөнелтуге арналған ең маңызды құжаттардың бірі болған. Аты айтып тұрғандай жолбарыс пішініндегі бойтұмардың қолданылу себебі, әрине, әскердің жолбарыс сияқты айбынды болуы.

Жолбарыс бейнесі әсіресе қола ғұрыптық ыдыстарда жиі кездеседі. Айбатты асыратын әшекей ретінде олардың тұрқы кішкентай болғанымен, пішіні жағынан айқын және қуатты көрінген.

Тағы бір ерекше атауға тұратыны Цзянсиден табылған қос құйрықты қола жолбарыс. Ол Шан дәуіріндегі шағын елдің тотемі болып саналады.
Хань дәуіріндегі атақты қолбасшысы Хуо Цюбин қабірінің алдындағы жолбарыс - Хань дәуріндегі тасқа қашалған бейнелеу өнерінің бір белгісі.

Жолбарыстың жыртқыштығын көрсететін кейбір оған балама нысандар да бар. Юньнань өлкесі мұражайының Ниуху (сиыр және жолбарыс) қола корпусы - ең ірі ескерткіштердің бірі. Бұл қола корпус ежелгі Диан патшалығының адамдары құрбандық шалатын «үстелі» болып табылады. Онда өгізге шабуылдаған жолбарыстың пішіні салынған.
Құт ала келетін «жолбарыстар»
Халық арасындағы әдет - ғұрыптардан жолбарыс пішіндерін тіпті де оңай байқауға болады. Адамдар мұны үйдегі зұлым рухтардан қорғайды деп санайды, сондықтан жолбарыстарды есік құдайы ретінде салу дәстүрі тым ертеден бар.

Кейіннен Байлық Тәңіріне деген сенім кеңейіп, жолбарыс «福» бақыт пен байлық омониміне байланысты халық арасында кеңірек сүйіспеншілікке ие болды, тіпті байлық тәңірін де жолбарыс пішінінде бейнеленген.

Халық тұтынатын ыдыстардағы жолбарыс бейнесі үнемі қатыгез және үрейлі бола бермейді, керісінше, ол жағымды және адамға жақын сипатта жиі көрінген. Тіпті сүйкімді болып келетін бейнеде де бар. Мысалы: жолбарыс пішінді жастық, балаларға арналған жолбарыс пішінді аяқ киім және жолбарыс басты бас киім.

Керамикадан күйдіріліп жасалған жолбарыс жастықтары Цзинь дәуірінде, әсіресе Шаньси мен Хэнаньда танымал болды. Зұлматтан қорғап, құт ала келетін мағынасынан басқа, адамдар жолбарыс жастықтарын практикалық медициналық мақсатта - жайлы ұйықтауға себін тигізеді деп те санаған.
people.cn © People's Daily Online



