Қытай мен Қазақстан достығына жаңа көпір салынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 ақпан

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяодың Жэньминь жибаоға басылған мақаласы

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 1992 жылы 3 қаңтарда Қытай Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі болып, Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 30 жылдан бері Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары өзгеріп жатқан халықаралық жағдайдың сынағынан сүрінбей өтіп, әрқашан мығым өміршеңдік пен ынтымақтастықтың күшті серпінін сақтап келді. Әсіресе, соңғы жылдары екі ел басшыларының стратегиялық басшылығымен Қытай мен Қазақстан тұрақты, жан-жақты стратегиялық серіктестігі үздіксіз жаңа деңгейге көтеріп, көршілес елдер арасындағы тату көршілік достық, өзара тиімділік жасап, бірге жеңіске жетудің үлгісіне айналды. Мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан Ұлы Жібек жолы достығы жаңа дәуірде жаңаша серпінін көрсетті.

Соңғы 30 жыл ішінде Қытай мен Қазақстан бір-бірінің басты мүдделеріне қатысты мәселелерде әрқашан бір-бірін қолдап, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және АӨСШК сияқты көпжақты текшелерде тығыз ынтымақтаса отырып, өзі тұрған өңірмен әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығына маңызды үлес қосты. Қытай мен Қазақстан ауқымды экономикалық және сауда ынтымақтастығын жүзеге асырып, соңғы 30 жылда екіжақты сауда көлемі 60 еседен астам өсті. Әсіресе, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстанда «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп құру бастамасын алғаш ұсынғаннан бері екі ел даму стратегияларының сәйкестігін тереңдетіп, әртүрлі салалардағы іс жүзіндегі ынтымақтастықты нығайтып, орнықтыра түсті. Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясының көлемі жаңа биіктерге жетіп, ал трансшекаралық логистика үздіксіз жақсарды, қаржылық ынтымақтастық ілгерілеп, Қазақстанда «Қытай тілін үйрену өрлеуі» көтерілді. Коронавирустық пневмония басталғаннан бері Қытай мен Қазақстан бір-біріне маңызды қолдау көрсетті. Қытай тарапы індетпен күресу үшін Қазақстанға медициналық мамандар тобын жіберіп қана қоймай, оған қоса Қазақстанға көптеген вакциналық көмек көрсетті. Қытай Қазақстанға эпидемияға қарсы ең көп көмек көрсеткен және көмекке берген материялдарының түрі ең толық елге айналды. бұл Қытай мен Қазақстаның «шын дос басыңа күн туғанда сыналады» деген айтылымдағыдай ағайындығын әйгіледі.

Жаңа жылдың басында Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, адам шығыны мен материалдық шығын болды. 7 қаңтарда Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Тоқаевқа ауызша хат жолдады. Төраға Си Цзиньпин 25 қаңтарда Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған бейне саммитте тату көрші, айнымас дос ел ретінде біз Қазақстанды тұрақтылықты сақтауда және зорлық-зомбылықты тоқтатуда табанды түрде қолдайтынымызды және Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсету үшін бар күшімізді салуға дайын екенін баса айтты. Президент Тоқаевтің ықпалды басшылығымен қазақ халқы ұлттық дамудың кемел келешегіне жол ашады деп сенемін.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары шымылдығын ашып, сәтті өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Тоқаевтың Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуы Қытай мен Қазақстанның «болашаққа бірге» деген ортақ ұмтылысын көрсетеді. Жақында Қазақстан Президенті Тоқаев Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық делегацияны қабылдап, делегация мүшелеріне Қазақстан туын тапсырып, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен қысқы Паралимпиада ойындарының «ерекше оқиға» екенін айтты.

Қытай Қазақстанның қысқы Олимпиада және Паралимпиадалық делегацияларын түрлі іс-шараларға қатысуға қолдай отырып, қар-мұз спортының ежелден келе жатқан дәстүрі бар қазақстандық спортшылардың жұлдыздай жарқырап, абыройын арттырып, армандарын орындайды деп күтеді. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары Қытай мен Қазақстан арасындағы спорт, әсіресе қар-мұз спортындағы алмасулар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытып, Қытай мен Қазақстан арасындағы достыққа жаңа көпір салады деп сенемін.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото