Түркіменстан Президенті Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэмен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 сәуір

27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 26 сәуірде Түркіменстан Президенті Cердар Бердімұхамедов Ашхабадқа сапармен барған Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэмен кездесті.

Cердар Бердімұхамедов Түркіменстан Қытаймен қарым-қатынасына үлкен мән беретінін, екі ел саясат, дипломатия, сауда, мәдениет және гуманитарлық салаларында жоғары деңгейде ынтымақтастық жүргізіп, стратегиялық серіктестік орнатқанын айтты. Қытай Түркіменстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Қытайда 1400-ден астам түркіменстандық студенттер білім алуда. Ал Түркіменстанның көптеген университеттері қытай тілі мамандықтарын ашты. Екі ел әскерінің құрал-жабдық технологиясы мен кадр дайындау салаларындағы прагматикалық ынтымақтастықты нығайтып, Түркіменстан-Қытай қарым-қатынастарының үздіксіз жаңа дамуына бірлесе ықпал етеді деп күтетінін жеткізді.

Вэй Фэнхэ «Екі мемлекет басшыларының стратегиялық жетекшілігімен Қытай-Түркіменстан қарым-қатынастары серпінді дамуға қол жеткізіп, тарихтағы ең жақсы кезеңге шықты. Дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қытай жағы Түркіменстан тарапымен бірігіп, болашағы ортақ Қытай-Түркіменстан қауымдастығын құруға дайын. Қытай Түркіменстанның тұрақты бейтарап орнын және Түркіменстанның ұлттық шарттарына сай даму жолын табанды түрде қолдайды. Сонымен бірге Түркменстанның ішкі істеріне араласатын сыртқы күштерге табанды түрде қарсы тұрады. Соңғы жылдары екі жақ әскерінің қарым-қатынасы тұрақты дамып, практикалық ынтымақтастық тереңдей түсті. Қытай әскері Түркіменстан жағымен ынтымақтастық салаларын одан әрі кеңейтуге, ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға және екі жақ әскер арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтеруге ұмтылуға дайын»-,деді.

Сол күні Түркіменстанның Қорғаныс министрі Бегенч Атаевич Гундогдыев, Вэй Фэнхэні қарсы алу рәсімін өткізіп, ресми келіссөздер жүргізді. Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік жағдайды, сондай-ақ Украина мен Ауғанстан мәселелері бойынша терең пікір алмасты. Екі елдің әскерлері арасындағы стратегиялық байланысты нығайтуға, оқу-жаттығуларын өткізуге және терроризмге қарсы күрес және техника саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге келісті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото