Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 маусым
Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады», деді ол.

Референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны Қазақстанның барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрайды. Ал бұл 6 163 863 адам. Бұл Қазақстанның 17 өңірінің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адамды құраған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото