Ланьчжоу жаңа аумағындағы кешенді кедендік аймақ алғашқы «жүгері пойызын» қарсы алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 маусым
Ланьчжоу жаңа аумағындағы кешенді кедендік аймақ алғашқы «жүгері пойызын» қарсы алды

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2 маусымда Ланьчжоу Жаңа аумағының кешенді кепіл аймағы биыл Шыңжаңдағы Қорғас теміржол шекарасы арқылы елге кірген алғашқы «жүгері пойызын» қарсы алды.

Мәліметтерге сәйкес, «жүгері пойызын» Ланьчжоу Жаңа аумағының кешенді кепілді аймағындағы «Ланьчжоу Жаңа аумағы Хуагуантэ халықаралық сауда кәсіпорны, ЖШС» алдырған. Пойызға салмағы 1147 тонна, құны 344 000 АҚШ долларын құрайтын жалпы 44 контейнер жүк тиелген. Аталған пойыз Қазақстаннан шығып, Қорғас муниципалитетінің, кеденінің және Ланьчжоу кеденінің ерекше қолдауымен, Қорғас темір жол шекарасы, Ланьчжоу жаңа аумағы темір жол порты арқылы Ланьчжоу жаңа ауданының толық кепілді аймағына жеткізілді. Жүгері Ланьчжоу жаңа аумағының кешенді кедендік аймағында өңделіп, жемге айналдырғаннан кейін ішкі нарыққа шығарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото