Мемлекеттік кеңестің Тайвань істері басқармасы: АҚШ-ты Тайваньға қару сату жоспарынан дереу бас тартуға шақырды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 маусым

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Мемлекеттік кеңестің Тайвань істері басқармасының өкілі Ма Шяогуан 9 маусым күні тілшілерге берген жауабында: «Біз Америка Құрама Штаттарының Тайваньға қару сатуына үзілді-кесілді қарсымыз»,-деді. АҚШ-тың қару-жарақ сатуы бір Қытай принципі мен үш Қытай-Америка бірлескен коммюникесін, әсіресе 17 тамыздағы коммюникенің(1982 жылы 17 тамызда жарияланған Қытай мен АҚШ-тың бірлескен коммюникесі)талаптарын елеулі түрде бұзады. Бұл «Тайвань тәуелсіздігі» күштеріне кеңшілікпен қолдау көрсетуі, АҚШ-тың «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамаймыз деген уәдесін өрескел бұзу болып табылады. Біз АҚШ тарапын «Төртті істемеу, бірге ниеттенбеу»(АҚШ «Жаңа қырғи-қабақ соғысқа» талпынбайды, Қытай жүйесін өзгертуге ұмтылмайды, Қытайға қарсы одақты нығайтуға әрекеттенбейді, «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайды және Қытайға қарсы тұруға ниеттенбейді)мәлімдемесін орындауға, қателіктерін дереу түзетуге, Тайваньға қару сату жоспарынан бас тартуға және Тайваньға қатысты мәселелерде отпен ойнауды тоқтатуға шақырамыз.

Ма Шяогуан Демократиялық прогрессивті партия (DPP) билігінің «Қару арқылы біріктіруден бас тартуы» үшін қару сатып алу әрекеті Тайваньдағы отандастардың мүдделерін аяқ асты етіп, оларды отқа итермелейтінін атап өтті. DPP билігіне «Тәуелсіздікке қарсы» арандатушылықты іздестіру үшін, сыртқы күштермен ымырашылдықты дереу тоқтату керектігі ескертілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото