Жазда Шыңжаңдағы Пішән ауданы тұрғындары құммен емделуден ләззат алуда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 маусым

13 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Пішән ауданында ауа райы жоғарылап, соңғы бірнеше күнде 37 градустан асты. Көптеген адамдар құмды шөлге келіп, ыстық ауа райы сыйлаған құммен емделудің «игілігін» көруде.

Ұшы-қиыры жоқ шөлдің үлкенді-кішілі төбешіктерінің арасында алуан түрлі самалдық шатырлар тігілген. Көпшілік ыстық құмға көміліп, «сырлы емнен» ләззат алуда.

Құммен емдеу әдетте «құмға көмілу» деп аталады. Бұл ауырған жерді құмға көму және ауруды емдеу үшін күн сәулесін, құрғақ ыстық қысымды және магнетизмнің бірлескен әсерін қолдану әдісі. Құм магнетит минералдарына бай болғандықтан, күйіп тұрған күн сәулесінен кейін, адам ағзасына әсер ететін магнит өрісі пайда болады. Сөйтіп ол магниттік, жылу, жарық терапияларын және массажды біріктіретін жалпы ем-шараға айналады. Кең тараған бұл емдеу әдісі шаршауды, аяқ-қол ауруын, созылмалы бел ауруын, бел шойырылуды, иықтың қабынуы және басқа сырқат түрлерін емдеуде қолданылады. Сонымен бірге ол ағзадан токсиндерді шығарып, денсаулықты күтуге пайдалы. Құммен емделудің ең жақсы уақыты - әр жылдың маусымнан қыркүйек айына дейінгі аралық.

Пішән ауданы Лукцин денсаулық орталығы бастығының орныбасары және бас емдеуші Ақымет Имит: «Құммен емделу буын қабыну, ревматизм, жатыр мойны омыртқалары, бел омыртқалары сынды ауыруларға жақсы шипа болады. Құмдағы микроэлементтер ревматизмге жақсы емдік әсер етеді. Алайда құммен емдеу уақыты тым ұзақ болмауы керек. Адамға ыстық аса өтпеуі үшін суды көп ішу керек. Ал гипертония, жүректің ишемиялық сырқаты сияқты созылмалы аурулары бар науқастарға құммен емделуге болмайды»-,дейді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото