Ертіс сыңғырымен қазақтың термесін тыңдайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 маусым

 

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Алтайда тұратын Шолпан Шалқыманқызы - танымал термеші. Шолпан бала жасынан бастап домбыра тартумен әуестенген. 2016 жылы Күйтүн Өнер институтына қабылданып, үш жыл вокал мамандығы бойынша білім алып, дәстүрлі терме өнерін кәсіби меңгеріп шығады. Терме – сөзі мен әуені келіскен, ғибраттық сипаты басым лирикалық өлең түрі. Шолпан Шалқыманқызы Ертіс өзенінің бойында өнерпаздық шеберлігімен бөлісіп, болашақта балаларына дәстүрлі терме өнерін үйретсем деген арманын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото