Шыңжаңдағы Майтау-Күшәр тасжолында көлік қатынасы қайта жанданды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 маусым
Шыңжаңдағы Майтау-Күшәр тасжолында көлік қатынасы қайта жанданды

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 10 маусымда Шыңжаң Майтау-Күшәр тасжолында көлік қатынасы қайта жанданды. Майтау-Күшәр тасжолы, яғни 217-нші ұлттық тас жолының Майтаудан Күшәрға дейінгі бөлігі, солтүстікте Қарамай қаласының Майтау аймағынан басталып, Тяньшань тауларының солтүстігі мен оңтүстігін ұластырып, оңтүстікте Ақсу аймағының Күшәр қаласымен жалғасады. Оның жалпы ұзындығы 561 км. Тасжол Тяньшань тауларының солтүстігі мен оңтүстігін ендеп, жасыл жайлауларды, қарлы тауларды, өзен-көлдерді, сазды-батпақты жерлерді, сайын даланы басып өтеді. Оны Қытай ұлттық географиясы «ең әдемі жолдардың бірі» деп атаған.

Ерекше жер бедері мен климатына байланысты солтүстік пен оңтүстік Шыңжаңды байланыстыратын бұл аспалы жол Қытайдағы ең әдемі және ең қауіпті көрініс даңғылы ретінде белгілі. Жол жылына 4 ай ғана жұмыс істейді, ал шілде мен тамыз айларында көрінісі ең тамаша өңірге айналады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото