Алғашқы бес айда Алашанькоу шекарасынан кіріп-шыққан жүк көлемі өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 5,1%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 маусым
Алғашқы бес айда Алашанькоу шекарасынан кіріп-шыққан жүк көлемі өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 5,1%-ға өсті

21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Алашанькоу(Алатау)кеденінен алған мәліметінше, алғашқы бес айда Алашанькоу шекарасының импорттық және экспорттық сауда көлемі 119,89 миллиард юаньға жетті. Оның ішінде импорттық сауда көлемі 61,74 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,1 пайызға өссе, ал кіріп-шыққан жүк тасымалының көлемі 9,388 млн. тоннаға жетіп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 5,1%-ға артқан.

Алашанькоу кеденінің статистикалық мәліметтері бойынша, Алашанькоу шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар негізінен шикі мұнай, минералды өнімдер, плиталар сияқты материалдар. Экспортталатын тауарлардың басым бөлігі механикалық және электротехникалық өнімдер, жоғары технологиялық өнімдер, киім-кешек және киім аксессуарлары болып табылады. Алғашқы бес айда Алашанькоу тасжол шекарасы айтарлықтай өсу үрдісін сақтай отырып, 62 000 тонна жүк экспорттап, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 74,9%-ға арттырған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото