Си Цзиньпин: БРИКС елдері батыл әрекет етіп, әлемге оң, тұрақты және сындарлы күштер енгізуі керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 маусым

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 23 маусым күні кешке Бейжіңде БРИКС елдері басшыларының 14-інші отырысына төрағалық етті.

Си Цзиньпин маңызды дамушы нарық елдері мен негізгі дамушы елдер ретінде БРИКС елдері жауапкершілік алып, әрекет етуде батылдық танытып, әлемге оң, тұрақты және сындарлы күштер енгізуі керек деп баса айтты. Си Цзиньпин мынадай төрт ұсыныс жасады:

Біріншіден, біз әділеттілікке үн қосып, халықаралық қоғамдастықтың шынайы көпжақтылықты қолдануына ықпал етуіміз қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымын тірек еткен халықаралық жүйе мен халықаралық құқыққа негізделген халықаралық тәртіпті сақтап, қырғи-қабақ соғыс менталитеті мен топтық қарама-қайшылықтан бас тартып, біржақты және жөнсіз санкцияларға қарсы тұруға тиіспіз. Тағдыры ортақ адамзат қауымдастығының «үлкен отбасы» гегемондық «кіші шеңберден» асып түсуі қажет.

Екіншіден, індетті жеңуге деген сенімімізді нығайтып, халық пен оның тұрмыс-тіршілігі алдындағы жауапкершілікті мақсат етіп, індеттің алдын алу және онымен күресу үшін берік тосқауыл тұрғызып, індетке қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, адам өмірі мен денсаулығын бірлесіп қорғауымыз керек.

Үшіншіден, біз экономиканы қалпына келтірудің біріккен күшін жұмылдырып, макросаясатты үйлестіруді күшейтіп, өнеркәсіп және тасымалдау жүйесі тізбегінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Ашық әлемдік экономиканы құрып, әлемдік дамуда бетпе-бет келетін негізгі тәуекелдер мен сын-қатерлердің алдын алып және шешімін тауып, анағұрлым инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуді жүзеге асыруымыз қажет.

Төртіншіден, тұрақты дамуға ықпал етып, халыққа бағытталған даму идеясын ұстанып, кедейлікті азайту, азық-түлік, білім, денсаулық сақтау және басқа салаларға барынша күш салу керек. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму тәртібін жүзеге асыруды жолға қойып, анағұрлым қуатты, жасыл, салауатты жаһандық дамуды жүзеге асыруға тиіспіз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото