Қытайлықтар орташа 28,67 жас шамасында некелеседі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 маусым
Қытайлықтар орташа 28,67 жас шамасында некелеседі

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда бірінші некеге тұрудың орташа жасы ұлғайып барады. «Қытай халық санағы-2020 жылнамасына» сәйкес, 2020 жылы Қытайда бірінші некеге тұрудың орташа жасы 28,67 жасқа дейін жоғарылаған. Олардың ішінде бірінші некеге тұру жасы ерлер үшін 29,38 жас, ал әйелдердікі 27,95 жасты құрады.

Мәліметтер көрсеткендей, 2010 жылы Қытайда бірінші некеге тұрудың орташа жасы 24,89 жасты, олардың ішінде ер адамдар үшін бірінші некеге тұрудың орташа жасы 25,75 жасты, әйелдердің алғашқы некеге тұру жасы 24 жасты құраған. Яғни, 10 жылда бірінші некеге тұрудың орташа жасы 4 жылға жуық кешеуілдеген.

Алғашқы некеге тұрудың жыл сайынғы көрсеткіші соңғы жылдары жалпы некеге тұру жасының жоғарылап бара жатқанын байқатады. «Қытай 2021 статистикалық жылнамасының» мәліметіне сәйкес, 2010 жылы алғаш рет некеге тұрғандар саны 22,009 миллион болса, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 12,886 миллионға дейін төмендеген.

Елдің барлық аймақтары бойынша бірінші некеге тұрудың орташа жасының кешеуілдеуі үрдіске айналды. Мемлекеттік кеңестің Даму орталығы Әлеуметтік басқару және адам ресурстары институтының ғылыми-зерттеу кеңсесінің директоры Фэн Вэньмен Chinanews.com сайтының «Қытайдың жаңа бақылауы» айдарына талдау жасады. Ресми тұлға өз сараптауында білім деңгейінің артуы, неке шығындарының көбеюі, жұмысқа орналасу мен жұмыс орнындағы бәсекелестіктің күрделенуі, неке тұжырымдамасының өзгеруі және тағы басқа жағдаяттар бірінші некеге тұру жасын кейінге қалдырудың басты себебі болып табылады деп тұжырымдады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото