Си Цзиньпин: «Бір ел, екі жүйе» жобасын өзгертуге негіз жоқ: оны берік ұстану керек»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 шілде

1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери комитет Төрағасы Си Цзиньпин 1 шілде күні Сянганда: «Бір ел, екі жүйе» - бұрын-соңды жасалмаған ұлы бастама. «Бір ел, екі жүйенің» негізгі мақсаты – ұлттық егемендікті, қауіпсіздікті, даму мүдделерін қорғау, Сянган мен Аомэньның ұзақ мерзімді гүлденуі мен тұрақтылығын сақтау. Орталық үкіметтің барлық істері елдің, Сянган мен Аомэньның, Сянган мен Аомэньдағы отандастардың игілігі үшін»,-деді.

Си Циньпин былай деді: «Сянганның отанға оралуының 20 жылдығын тойлау кезінде мен Орталық үкіметтің «бір ел, екі жүйе» саясатын жүзеге асыруда екі тармақты ұстанатынын айтқан болатынмын. Оның біріншісі – бастапқы қалпын сақтау, өзгермеуге кепілдік ету, бұлжымау; екіншісі – жан-жақты дұрыс болу, бұрмаланбау, пішінін бұзбай сақтау. Бүгін тағы да атап өткім келеді: «Бір ел, екі жүйе» әлденеше рет іс жүзіндегі сынақтан өткен жоба. Ол елдің және ұлттың, Сянган мен Аомэньның түбегейлі мүдделеріне сәйкес келеді. Отанның 1,4 миллиардтан астам халқының қолдауына, Сянган мен Аомэнь тұрғындарының бірауыздан қуаттауына, халықаралық қауымдастықтың жалпы мақұлдауына ие болды. Мұндай оңтайлы жүйені өзгертуге ешқандай себеп жоқ, оны ұзақ уақыт ұстану керек! ».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото