Шығыс Қазақстандағы дала өрті 700 гектарға жайылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 700 гектарға жайылған дала өртінің беті қайтпай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шықты.

Қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетіп отыр.

«Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, кеше Алтай ауданындағы дала өртінің жалпы ауданы 400 гектарды құраған болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото