Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының тағы бір алтын отыз жылы басталды — Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қыркүйек

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 12 қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен баратынын хабарлады. Осыған орай Guangming Daily газетінің тілшісі Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяодан сұхбат алды.

Журналистің сұрағына сәйкес Чжан Шяо былай деді: Бұл сапар Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Covid-19 індеті басталғаннан бергі бірінші халқаралық сапары. Сонымен қатар бұл сапар мемлекет басшысының Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтай алдындағы ірі дипломатиялық іс-шарасы болып табылады. Осындай маңызды сапарға Қазақстанды таңдау Қытайдың Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарына жоғары мән беретінін толық дәлелдейді. Сонымен қатар Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін білдіреді.

Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Соңғы 30 жыл ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас үздіксіз жаңа биіктерге көтеріліп, жаңа нәтижелерге қол жеткізді. Саясат, экономика және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық одан әрі тереңдеп, нығайып, екі ел халқына пайда әкелді. Осы жылдың басында Төраға Си Цзиньпин мен Президент Қ.Тоқаев бір-біріне екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хаттарын жолдады. Ақпан айында Президент Қ.Тоқаев Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысып, Төраға Си Цзиньпинмен кездесті. Биыл Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ мен Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға келіп, екіжақты ынтымақтастық, жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша Қазақстанмен кең консенсусқа қол жеткізді. Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының жаңа тарихи бастауында тұрып, мен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің бұл сапары Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарына жаңа жоспар әзірлеп, тың серпін беріп, жаңа атмосфераны орнықтырып, екі елдің тағы бір алтын отыз жылын ашатынына сенімдімін.

Журналистің сұрағына тоқтала келе Чжан Сяо: Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап, Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 30 жылдан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас құбылмалы халықаралық жағдайдың сынағынан сүрінбей өтті. Бір-бірінің негізгі мүдделеріне қатысты мәселелерде өзара берік қолдау көрсетіп, аймақтық, тіпті дүниежүзілік бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге маңызды үлес қосты. Екі тараптың шекаралық мәселелері толығымен шешілді, саяси өзара сенім үздіксіз артып, бір-бірінің таңдаған даму жолдарын өзара қолдап, сыртқы араласуға бірлесе қарсы тұрып, Қытай мен Орталық Азия - тағдыры ортақ қауымдастығын құру үшін күш-жігерлерін жұмсады.

Соңғы жылдары екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен екі ел арасындағы саяси өзара сенім үздіксіз нығайып келеді. Президент Қ.Тоқаев пен Қазақстан үкіметі әлемде бір ғана Қытай бар екенін, Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі екенін айтып, Қытайдың ішкі істеріне араласуға қарсылық білдіріп, «Бір Қытай» қағидатын қолдайтындықтарын бірнеше рет білдірді. Қазақстанда «Қаңтар оқиғасы» басталғаннан кейін Қытай Төрағасы Қ.Тоқаевқа бірден ауызша хат жолдап, Қытай Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген күшке табанды түрде қарсы екенін және Қытай-Қазақстан достығына бөгет болатын және екі елдің ынтымақтастығына кедергі келтіретін кез келген күшке табанды түрде қарсы тұратынын атап өтті. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін білдірді. Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесіп, Қытай үкіметі мен халқының табанды түрде Қазақстан үкіметі мен халқы тарапында тұратынын баса айтты. Президент Қ.Тоқаев Төраға Си Цзиньпин ұсынған жаһандық даму бастамалары мен жаһандық қауіпсіздік бастамаларын белсенді түрде қолдады. Алдағы уақытта Қытай мен Қазақстан екіжақты қарым-қатынастардың саяси негізін нығайтып, түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастырады.

Сұхбат барысында Елші Чжан Сяо екі елдің экономикалық және сауда саласындағы жетістіктерін де айта кетті. Елші:Қытай мен Қазақстан жақын көрші. Екі елдің экономикалық құрылымдары бір-бірін жоғары деңгейде толықтырады, экономикалық және сауда ынтымақтастығы бірегей артықшылықтарға ие. Осыдан 30 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері, әсіресе, Төраға Си Цзиньпиннің 2013 жылы Назарбаев университетінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құруды ұсынған 9 жылдан бері, екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы ұлғая түсіп, екі ел халқына үлкен пайда әкелді.

1992 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі небәрі 368 миллион АҚШ долларын құраса, 2021 жылы ол 25,25 миллиард АҚШ долларына жетіп, 30 жылдан аз уақыт ішінде 70 есеге жуық артты. 2022 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 17,67 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға өсті және жыл бойына рекордтық көрсеткішке жетеді деп күтілуде. Қазіргі таңда Қазақстанда Қытай қаржыландыратын 1000-нан астам кәсіпорын бар. Екі ел өндірістік қуат пен инвестиция бойынша диалог механизмін құрды, Қытай мен Қазақстан өндірістік қуат ынтымақтастығы үшін арнайы қор құрып, өндірістік қуат кооперациясы қарқынды дамыды. Осы уақытқа дейін 52 жоба белгіленіп, өндірістің дамуына күшті серпін берді. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі, энергетика, өнеркәсіп, сауда, көлік және басқа да салаларындағы дамуына дем беріп, Қазақстанның көптеген салаларда «нөлдік серпіліске» жетуіне көмектесті. Қытай мен Қазақстан 7 жұп ұзақ уақыттық порттар, 5 мұнай мен газ трансшекаралық тасымалдау құбырлары, екі трансшекаралық теміржол желісі және 1 халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы, Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы, Қорғас-Шығыс қақпа құрғақ порты барлығы да Еуразия материгінің екі шетін жалғайтын көпір және Қазақстан сол арқылы ішкі құрлықтық тұйықталудан арылып, теңізге жол ашты. 2021 жылы Қытай-Еуропа жүк пойыздары 74,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын жүктерді тасымалдап, бұл Қытай-Еуропа арасындағы жалпы сауданың 8 пайызын құрады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Шыңжаң қос шекарасы арқылы Қытай-Еуропа кезекші пойызынан 6195-і кіріп-шығып, жаңа рекорд орнатты. Эпидемия жағдайында Қытай мен Қазақстан байланысының жылдам әрі салауатты дамуы жаһандық өнеркәсіптік тізбек пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығына маңызды үлес қосты. Соңғы жылдары екі ел қаржы және трансшекаралық электронды коммерция сияқты дамып келе жатқан салаларда тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырды. Қазіргі таңда Қазақстанда «Made in China» өте танымал. Қытай брендінің электр құрылғылары, ұялы телефондар, автомобильдер және т.б. Қазақстан нарығында сұранысқа ие болып келеді. Ал Қазақстанның жоғары сапалы жасыл ауылшаруашылық өнімдерін Қытай тұтынушылары толық мойындап отыр.

«Бір белдеу, бір жол» Қытай мен Қазақстан арасындағы достық, гүлдену және табыс жолы екенін фактілер дәлелдеді. Екі жақ стратегиялық сәйкестікті одан әрі нығайтып, Қытайдың «Жаңа Қазақстан» құрылысына қатысуының және Қазақстанның Қытайдың жаңа «қос циклді» даму үлгісін салуына қатысуының нақты жолдарын белсенді түрде зерттеуі керек.

Елші журналистің сұрағы бойынша сөзін сабақтап: Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдан бері Қытай мен Қазақстан мәдениет, білім, спорт, ғылым мен технология және БАҚ салаларында терең ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. Екі ел халқы күннен күнге танысып-білісіп, бауыр басып, тату көршілік пен достықтың іргетасы берік қаланды. Қазіргі уақытта Қытай Қазақстанда 5 Конфуций институтын құрып, жыл сайын 3000-нан астам оқушы қытай тілін оқытуды аяқтап, «Қытай тілі көпірі», «Қытай тілі жазғы лагері», «Қытайша ән байқауы», «Қытай- Қазақстандық ұлттық шарттарды білу сайысы» және Қытай тілі деңгейлі емтихан сынды іс-шараларды өткізіп, Қазақстан қоғамында «Қытай тілін үйрену» сатысы жоғарылады. Екі жақтың білім беру саласындағы ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түсті. Екі ел бірін-бірі зерттейтін сараптамалық орталықтар құрды. Қытай мен Қазақстан университеттері өзара алмасу мен ынтымақтастықты кеңейтіп, кәсіптік оқыту мен білім беру саласында ауқымды ынтымақтастықты жүзеге асырды. Толық емес статистикаға сүйенсек, індет басталғанға дейін екі ел арасындағы студент алмасу ауқымы 15 мыңға жеткен, оның ішінде Қытайдағы Қазақстандық студенттер 14 мыңға жуықтайды. Екі елдің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары бір-бірінің елінде ақпарат таратып, Қытайдың фильмдері, кітаптары, ойындары және т.б. Қазақстанда көптеп жарық көре бастады. Төраға Си Цзиньпиннің «Қытай-Қазақстан достығының елшісі» деп мақтаған қазақ баласы Руслан көптеген қытайлықтарды тебірентті. Қазақстанның белгілі әншісі Димаш Құдайберген Қытайда танымал болды. Қытай мен Қазақстан 19 жұп өлке, облыс пен қалалар достық қарым-қатынас орнатты. Екі ел гуманитарлық ынтымақтастық деңгейін одан әрі арттыру үшін өзара мәдени орталықтар құруға жәрдемдесуге келісті.

Індет басталғанға дейінгі 2019 жылы екі ел арасында барып-келген адам саны 400 000-ға болған еді. Індеттің әсерінен екі ел арасындағы барыс-келіс азайып кетті. Covid-19-қа қарсы Қытай мен Қазақстан бірін-бірі түсініп, қолдап, эпидемияға қарсы материалдар, дәрі-дәрмек, вакциналар және т.б. салаларда белсенді ынтымақтаса отырып, эпидемияға қарсы ынтымақтастықтың әсерлі тарауын жазды. Сонымен бірге екі жақ та эпидемиядан кейінгі кезеңдегі екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың жалпы жағдайына назар аударып, екі тараптың алмасуын жеңілдетуге күш салуда. Үстіміздегі жылдың маусым айында Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван Идің Қазақстанға сапары барысында екі тарап сәйкесінше Сиань және Ақтөбеде бас консулдықтарды ашу туралы келісімге келген болатын. Биыл шілдеде Қытай мен Қазақстан тікелей әуе қатынасын қалпына келтіріп, Қазақстан Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз жүйені енгізді. Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан екі тарап арасындағы адамдар барыс-келісін одан әрі жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізуде. Қытай мен Қазақстан халықтары мен мәдени алмасуларының үздіксіз тереңдеуімен екі халық арасындағы өзара түсіністік пен достық одан әрі арта түседі. Бұл екіжақты қарым-қатынастар мен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытудағы қоғамдық негізді одан әрі нығайтады.

Сөз соңында елші-Чжан Сяо былай деді: Қытай мен Қазақстан көпжақты ұйымдарда әрқашан тығыз үйлестіруді қолдап, негізгі мәселелер бойынша ұстанымдарын дер кезінде келістіріп, екі жақтың ортақ мүдделерін жақсы қорғады. Қытай да, Қазақстан да Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалаушы мүшелер. Екі ел 20 жылдан астам уақыт бойы өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, кеңесу, сан алуан өркениетті құрметтеу және ортақ дамуды көздейтін «Шанхай рухын» ұстанып келеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде тығыз байланыс пен ынтымақтастықты қолдады. Бірлесе ілгерілеткен ШЫҰ елдерінің саяси өзара сенім, экономика және сауда, байланыс, ауыл шаруашылығы, халықтар арасындағы ынтымақтастық салаларындағы бірлесіп ілгерілету мақсатындағы ынтымақтастық жаңа табыстарға жетіп, аймақтық қауіпсіздікті, тұрақтылықты, даму мен өркендеуді ілгерілетуге маңызды үлес қосты. Сондай-ақ Қытай мен Қазақстан Ауғанстан мәселесін шешуге белсенді қатысу үшін ШЫҰ-Ауғанстан арасындағы байланыс тобын және басқа тетіктерді қолдайды және аймақтық қоламталы мәселелерін шешуде бірлесіп жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың екінші жартысында Қазақстанда АӨСШК Саммиті өтеді. Қытай бұны белсенді түрде қолдайды. Бұл кездесу Азия елдері арасындағы сенімді нығайтуға және ынтымақтастықты тұрақтандыруға жаңа серпін беретін толық табысты кездесу болады деп сенеміз. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото