Чжэнчжоудағы Шанду орнынан алтын қаусырма табылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қыркүйек
Чжэнчжоудағы Шанду орнынан алтын қаусырма табылды

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қыркүйекте Мемлекеттік мәдени мұра басқармасы айтарлықтай жетістіктерге жеткен төрт «Археологиялық Қытай» жобасын жариялады.

Олардың ішінде Чжэнчжоу қаласындағы Шанду жерінде Шан әулетінің ақсүйектерінің жерленген аймағы жаңадан табылды. Осы жерлеу аймағының негізгі қабірінен 200-ден астам жерлеу бұйымдары, оның ішінде алтын қаусырмалар және көп мөлшерде алтын қалдықтары табылды. Басты қабірдің түбіндегі 6 орыннан бірге жерленген иттің қазба қалдығы байқалды. Бұл ерте және қытайлық шан мәдениетінде өте сирек кездеседі.

Чжэнчжоу мәдени жәдігерлер және археология институтының тиісті мамандары бұл Жэнчжоудағы Шанду орнында осы уақытқа дейін табылған ең көп, ең алуан түрлі және ең жоғары деңгейдегі жерлеу нысандары бар ақсүйектер қабірі екенін айтты. Суретте Чжэнчжоудың Шанду орнындағы Шан әулетінің ақсүйектер қабірінің аймағында табылған алтын қаусырма көрсетілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото