Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына қатысатын барлық өкілдер сайланып болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Cи Цзиньпин жолдас басшылық еткен ҚКП Орталық Комитетінің жетекшілігімен ҚКП 20-сыншы құрылтайына қатысатын өкілдерді сайлау сәтті аяқталды. Ел бойынша әрбір сайлау бірлігі партия съезін немесе партияның өкілдік жиналысын шақырып, партияның 20-сыншы құрылтайына 2296 делегат сайлады.

Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының өкілдері Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық сипаттағы социализм туралы ой-пікірін басшылыққа алып, партия жарғысының негізгі қағидаларын, болмысы мен мақсатын ұстанып, партияның жалпы басшылығын қолдап, партия ішіндегі демократияны толығымен көрсетіп, партияның орталық комитетінің өкілдерін сайлау жұмысын жақсы атқару туралы талаптарын қатаң орындап, төменнен жоғарыға қарай үйлестіре отырып, қайталап ақылдасып, сатылай іріктеу әдісімен сайланып шықты.

Сайланған өкілдер негізінен партияның Орталық Комитеті белгілеген шарттарға сай келеді, жоғары идеялық-саяси сапаға, жақсы жұмыс стиліне және күшті пікірталас қабілетіне ие, өз қызметтерінде айқын жетістіктерге қол жеткізген Коммунистік партияның көрнекті мүшелері. Өкілдік құрылым және бөліс салыстырмалы түрде жүйелі, барлық құрамдас бөліктердің пропорциялары партияның орталық комитетінің талаптарына сәйкес келеді. Олардың ішінде партия мүшелері мен жетекші кадрлар ғана емес, өндіріс пен жұмыстың алдыңғы шебіндегі партия мүшелері, көптеген әйел партия мүшелері, аз ұлт партия мүшелері, экономикалық, ғылыми-техникалық, ұлттық қорғаныс, саяси және құқықтық, білім беру, үгіт-насихат, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік менеджмент сияқты әртүрлі салалардағы өкілдер бар.

Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы Мемлекеттік құрылтайына қатысу толымдылығын, партияның 20-сыншы Мемлекеттік құрылтайының өкілдер толымдылығын сараптау көмитеті құрылтай кезінде қайтадан қарайтын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото