Күзгі астықты сатып алу жұмысы сәтті басталып, табысты жалғасуда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Елде күзгі астық жинау науқаны аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта күзгі дәнді дақылдар орталықтандырылған тізімге еніп, сатып алу жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр.

Мемлекеттік азық-түлік және материалдық резервтер басқармасының соңғы хабарламасына сәйкес, 31 қазандағы жағдай бойынша негізгі өндірістік алаңдар жалпы 30,34 миллион тонна күзгі астық сатып алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,34 миллион тоннаға көп. Олардың ішінде баяу және кеш пісетін күріштен 15,99 миллион тонна, жүгеріден 13,97 миллион тонна, соядан 380 000 тонна сатып алынды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото