Осы жылдың алғашқы 11 айында Қытай-Еуропа пойызынан жалпы 15162 пойыз жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 желтоқсан
Осы жылдың алғашқы 11 айында Қытай-Еуропа пойызынан жалпы 15162 пойыз жолға шықты

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қаңтар мен қараша аралығында Қытай-Еуропа пойыздарынан барлығы 15162 пойыз жолға шығып, 1,475 миллион сандық жүктер жөнелтілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда сәйкесінше 10% және 11%-ға өсті.

Батыс құрлық-теңіз жаңа өткелдері арқылы теңіз және теміржолдың бірлесіп тасымалдауымен 687 000 TEU контейнерлер жеткізілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға ұлғайды.

Мемлекеттік теміржол тобының Жарнама департаменті ақпарат бөлімінің директоры Луо Чжуаньбау қаңтардан қарашаға дейін Қытай-Еуропа пойыздары кесте бойынша жүріп, жұмыс уақыты едәуір қысқарып, тасымалдау уақыты үнемі бақылауда болғанын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото