Шыңжаң 2023 жылы онлайн «Халық Газеті» арқылы халық тұрмысы бойынша ашық ұсыныстар жинайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Партия комитеті мен Үкметі 2023 жылы халық тұрмысы үшін бірқатар практикалық шараларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. 2023 жылдың 14-30 қаңтары аралығында онлайн «Халық Газетінің»(People's Daily Online)«басшылыққа сөз қалдыру тақтасы» арқылы 2023 жылы халық тұрмысының практикалық мәселелері бойынша ұсыныстар жинау платформасы ашылады. Ұсыныстар Шыңжаңдағы барлық халық пен қоғамдық топтар арасында жиналады.

Қазіргі уақытта Шыңжаңның барлық этникалық топтары кеңінен қатысып, ұсыныстарды жинау жалғасуда.

Көптеген жылдар бойы автономиялық регионда Партия комитеті мен Үкметі әрқашан халықтың негізгі мүдделерін жүзеге асыруды, қолдауды және дамытуды өздерінің басты міндеті деп таныды. Бюджет түсімдерінің 70%-дан астамын халық тұрмысы саласына бөліп, бар күшімен халық әл-ауқатын қамтамасыз жақсартып, қамтамасыз етуде.

Бұл ұсынысқа негізінен жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтері, білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ерекше қиын топтарға көмек, әлеуметтік көмек, қарттарға күтім жасау, халыққа ыңғайлы қызметтер, тұрғын үй қауіпсіздігі, қала және ауыл құрылысы, экологиялық орта, көлік, әлеуметтік басқару (әлеуметтік қамсыздандыру), заңгерлік көмек, азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі сияқты салалар кіреді.

Бұнда барлық этникалық топтар мен қоғамның барлық саласындағы халық платформа арқылы барқылы көкейкесті мәселелерін жаза алады. Автономиялық регионның Халықтық Үкіметі әрбір пікір мен ұсынысты мұқият талқылап, зерттейді және қоғамдық пікірді кеңінен зерттеу негізінде халық тұрмысын қамтамасыз ету бойынша осы жылы жүзеге асырылуы мүмкін практикалық шараларды іріктеп, анықтайды. Сол арқылы барлық этникалық топтардың қажеттілігін жүзеге асыруға тырысады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото