Пәкістанның солтүстік-батысында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 ақпан

1 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қаңтарда Пәкістандағы жергілікті аурухананың растауына сәйкес, елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пуштун провинциясының орталығы Пешавардағы мешітте 30 қаңтарда болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 100-ге дейін жетіп, тағы 200 адам жараланған.

Пешавар полициясының өкілі Мұхаммед Ижаз Синьхуа агенттігіне берген ақпаратында алғашқы зерттеу бойынша бұл жанкештілік жарылыс екенін айтты. Оқиға кезінде мешітте 350-ден астам адам болған. Жарылыс салдарынан мешіт құлап, 31 қаңтарда құтқарушылар қирандылардың астынан қаза болғандарды алып шықты. Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

Пәкістан Президенті Ариф Альви мен Премьер-министр Шабазз Шариф шабуылды айыптайтын мәлімдеме жасады. Хайбер-Пуштун провинциясының полициясы шабуылды анықтау үшін бірлескен тексеру тобы құрылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта Пәкістанның астанасы Исламабад, сондай-ақ Лахор, Карачи және Кветта сияқты ірі қалалар жоғары дайындық режиміне енгізілді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, пәкістандық талибан жарылыстан кейінгі шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған. Алайда көп өтпей онысын жоққа шығарды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото