Пань Юэ Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ш.Нұрышевпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 ақпан
Пань Юэ Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ш.Нұрышевпен кездесті

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 1 ақпан күні түстен кейін Мемлекеттік Ұлттық істер комитетінің директоры Пань Юэ Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевпен Ұлттық мәдениет сарайында кездесіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы этникалық сала бойынша барыс-келіс пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту және назар аударатын ортақ мәселелер туралы терең пікір алмасты.

Елші Шахрат Нұрышев өзге ресми өкілдермен бірге Ұлттық мәдениет сарайында болып, «Барлық этникалық топтардың жүрегі партия деп соғады — жаңа Қытай құрылғаннан бері ұлттық этникалық азшылықтар партия мен ұлттық көшбасшыларға ұсынған сыйлықтар көрмесі» және «Бағалы кітаптар — ұлттық мәдениет сарайында сақталған ерте замандағы таңдаулы кітаптар көрмесі» сияқты жетістіктерді тамашалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото