22 қаңтардан 1 ақпанға дейін Ұлттық көктемгі теміржол тасымалында жолаушылар саны 100 миллионнан асқан

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 ақпан
22 қаңтардан 1 ақпанға дейін Ұлттық көктемгі теміржол тасымалында жолаушылар саны 100 миллионнан асқан

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың мемлекеттік теміржол корпорациясының мәліметі бойынша, көктем мерекесінен кейін теміржолдың көктемгі тасымалындағы жолаушылар ағыны артқан. 22 қаңтардан 1 ақпанға дейін ұлттық теміржол жалпы саны 102 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда 33,51 миллион жолаушыға өсіп, 48,7%-ға ұлғайған. Жөнелтілген жолаушылардың орташа тәуліктік саны 9,31 миллионды құрап, бұл 2019 жылғы көктем мерекесінің сәйкес мезгілінің 90%-ын қалпына келтірді. Олардың ішінде 26 қаңтардан 1 ақпанға дейін жолаушылағандар саны жеті күн қатарынан 10 миллионнан асып, теміржол қызметі қауіпсіз, тұрақты және тәртіппен жүргізілген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото