Шетелдік капиталды нақты пайдалану 2022 жылы алғаш рет 1,2 трлн юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 ақпан

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2 ақпанда Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Ақпараттық басқармасы 2022 жылы елімізде бизнес жүргізуге арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Мәлімдемеге сәйкес, еліміздегі капитал салымдарының ауқымы рекордтық деңгейге жеткен. 2021 жылғы екі таңбалы өсімге сүйене отырып, шетелдік капиталды игеру 2022 жылы тұрақты өсуді жалғастырған. Сонымен бірге шетелдік капиталды нақты пайдалану алғаш рет 1,2 трлн юаньнан асқан; 2022 жылы еліміздегі тұтыну тауарларының жалпы бөлшек саудасы 44 трлн юаньға жетіп, бұл негізінен 2021 жылғы көрсеткішпен теңескен.

Инвестицияларды тартуға келетін болсақ, өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай өскен. Шетелдік капиталды нақты пайдалану 323,7 миллиард юаньды құрап, өткен бір жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 46,1%-ға ұлғайған. Әсіресе, шетелдік инвестицияларға қолжетімділік шектеулердің жан-жақты ашылуы арқасында автомобиль өнеркәсібінің инвестициялары 263,8% - ға өскен.

Сауда департаментінің статистикалық талдауына сәйкес, Қытайда шетелден қаржыландырылатын кәсіпорындардың 90%-дан астамы негізінен Қытай нарығына бағытталған. 1,4 миллиардтан астам халқы бар Қытай әлемдегі екінші ірі тұтыну нарығы болып табылады және оның нарықтық әлеуеті үздіксіз артуда. Мәлімдемеге сәйкес, биыл тұтынуды қалпына келтіруге және кеңейтуге басымдық беріліп, нарық көлемін одан әрі кеңейту қажет. Сонда Қытайға шетелдік инвестицияларды ынталандыру анағұрлым жеткілікті болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото