Қытайда командалық саяхат сапарлары 6 ақпанда қайта басталады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 ақпан

6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Мәдениет және Туризм министрлігі 6 ақпаннан бастап Ұлттық туристік агенттіктер мен онлайн-туристік компаниялар пилоттық негізде Қытай азаматтары үшін топтық саяхат сапарлары мен «Әуе билет+Қонақ үй» қызметін қайта бастайтынын хабарлады.

6 ақпандағы жағдай бойынша Ctrip желісі Таиланд, Сингапур, Индонезия, Мальдив аралдары, Швейцария, Малайзия, Венгрия, Египет, Жаңа Зеландия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Қытайдың Сянганы және Қытайдың Аомэны сияқты 16 елді қамтитын 1 200-ге жуық бағыт пен «Әуе билеті + Қонақ үй» жобасын іске қосты.

Туристердің сенімін қалпына келтіру ұзақ мерзімді шетелдік сапарларға сұраныстың біртіндеп өсуінен де көрінеді. 18 наурызда Шанхайдан жан басына шаққанда 27 999 юань бағасымен шыққан «Ctrip of» компаниясының алғашқы Жаңа Зеландияға саяхат сапарының билеті сатылымға шыға салып бірден таусылған.

Көктемгі фестивальден кейін көптеген халықаралық рейс қайта іске қосылды. Бұл шетелге шығу үшін қосымша ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етті және сәйкесінше шекарадан шығуға арналған туристік өнімдерге сұранысты да көбейтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото