Астанада Қытайдың Хэйлунцзян өлкесі мен Қазақстан арасында саудаға көмектесу мақсатында кездесу өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 ақпан
Астанада Қытайдың Хэйлунцзян өлкесі мен Қазақстан арасында саудаға көмектесу мақсатында кездесу өтті

23 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның Астана қаласында Қытайдың Хэйлунцзян өлкесі мен Қазақстан арасында сауда-саттыққа көмектесу бойынша ақпарат алмасуға және 2023 жылғы Хэйлунцзян негізгі көрмесіне инвестицияларды ілгерілетуге қатысты жиналыс өтті.

Қатысушылар жалпы сомасы шамамен 510 миллион юань болатын стратегиялық ынтымақтастыққа, сатып алу мен саудаға, жобалық инвестицияларға және т.б. қатысты бірқатар ниет келісіміне қол қойып, сол жерде 30-дан астам ынтымақтастық ниеті қалыптасты.

Кездесуге Қытайдың Қазақстандағы елшілігі, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Қазақинвест» Ұлттық компаниясы, қазақстандық Golden Camel Group Co компаниясы сияқты 70-тен астам үкімет органының, сауда қауымдастықтарының және Қытай-Қазақстан кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото