Қазақстан Украинадағы дағдарысты саяси реттеуде Қытай ұстанымын қолдайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 ақпан
Қазақстан Украинадағы дағдарысты саяси реттеуде Қытай ұстанымын қолдайды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді.

Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп санаймыз.

Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтеді», - делінген мәлімдемеде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Русская редакция)

Фото