Қазақстан нан бағасы арзан елдердің бестігіне кірді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 наурыз
Қазақстан нан бағасы арзан елдердің бестігіне кірді

Қазақстан нан бағасы арзан әлемдегі 5 елдің қатарына кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Energyprom.kzпорталының Numbeo мәліметтеріне сілтеме жасап жазуынша, әлемде нанға ең төменгі баға Тунисте тіркелген. Бұл елді салмағы жарты келі болатын 1 бөлке нан 0,14 доллар тұрады. Одан кейінгі орында Алжир (0,16 доллар) мен Ливия (0,34) тұр. Үздік бестікті Қазақстан (0,36) мен Өзбекстан (0,7) түйіндейді.

ТМД елдерінде 0,5 келілік бір бөлке нан Әзербайжанда – 0,39, Молдовада – 0,43, Украинада – 0,58, Ресейде – 0,61, Беларусьта – 0,64, Арменияда 0,65 доллар тұрады.

Әлемдегі нанның бағасы ең қымбат елдер мыналар: Америка Құрама Штаттары – 3,27 доллар, Швейцария – 3,21 доллар, Исландия – 2,93 доллар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото